https://sputnik.kz/20260828/pavlodarda-kuzetshi-zhumys-ornynan-qomaqty-qarazhatty-qoldy-etken-66190718.html
Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен
Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен
Sputnik Қазақстан
Ақша алма ағашының түбіндегі кастрөлдің ішіне жасырылған 28.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-28T21:03+0500
2026-08-28T21:03+0500
2026-08-28T21:03+0500
павлодар
ұрлық
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияға Павлодар қаласындағы ЖШС бірінен ақша қаражатының ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын көлемі шамамен 25 млн теңгені құрады.Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер кәсіпорынның күзетшісі болған күдіктіні анықтады.Полицейлер бау-бақша серіктестіктерінің біріндегі саяжай учаскесінде тінту жүргізу барысында 24 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатын тапты. Ақша алма ағашының түбіндегі кастрөлдің ішіне жасырылған.Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
https://sputnik.kz/20260702/qazaqmystagy-urlyq-qoyma-mengerushisi-sottaldy-64603570.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, ұрлық, қылмыс
Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен
Ақша алма ағашының түбіндегі кастрөлдің ішіне жасырылған
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Павлодар қаласындағы ЖШС бірінен ақша қаражатының ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын көлемі шамамен 25 млн теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер кәсіпорынның күзетшісі болған күдіктіні анықтады.
Полицейлер бау-бақша серіктестіктерінің біріндегі саяжай учаскесінде тінту жүргізу барысында 24 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатын тапты. Ақша алма ағашының түбіндегі кастрөлдің ішіне жасырылған.
"Күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қаражаты қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді", — дейді Павлодар қаласы ПБ полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.