https://sputnik.kz/20260702/qazaqmystagy-urlyq-qoyma-mengerushisi-sottaldy-64603570.html
Қазақмыстағы ұрлық: қойма меңгерушісі сотталды
Қазақмыстағы ұрлық: қойма меңгерушісі сотталды
Sputnik Қазақстан
Тәркіленген мүлік заңды иесіне қайтарылды 02.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-02T09:22+0500
2026-07-02T09:22+0500
2026-07-02T09:22+0500
қазақмыс
ұрлық
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Қауіпсіздік қызметі компанияға тиесілі жеке қорғаныс құралдарының ұрлану дерегін анықтады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.№67 "Батыс" кен орнында қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген мердігер ұйымның қызметкері жалған тауар-көлік жүк құжатын пайдаланып, Ultra-210 маркалы респираторларды жымқырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2 131 426 теңгені құрады.Қылмыстық істі қарау нәтижесінде Сәтбаев қалалық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Сондай-ақ сотталушы заңнамада көзделген міндетті төлемді жәбірленушілердің өтемақы қорына төлеуге міндеттелді. Тәркіленген мүлік заңды иесіне қайтарылды.
https://sputnik.kz/20260513/politseyler-qazaqmys-aumagynan-zhanar-zhagarmay-urlygyn-anyqtady-63372295.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақмыс, ұрлық, сот үкімі
қазақмыс, ұрлық, сот үкімі
Қазақмыстағы ұрлық: қойма меңгерушісі сотталды
Тәркіленген мүлік заңды иесіне қайтарылды
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Қауіпсіздік қызметі компанияға тиесілі жеке қорғаныс құралдарының ұрлану дерегін анықтады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
№67 "Батыс" кен орнында қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген мердігер ұйымның қызметкері жалған тауар-көлік жүк құжатын пайдаланып, Ultra-210 маркалы респираторларды жымқырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2 131 426 теңгені құрады.
"Ішкі тексеру материалдары дереу құқық қорғау органдарына тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, компанияға келтірілген материалдық залалды толық көлемде өтеді және кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасты", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық істі қарау нәтижесінде Сәтбаев қалалық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Сондай-ақ сотталушы заңнамада көзделген міндетті төлемді жәбірленушілердің өтемақы қорына төлеуге міндеттелді. Тәркіленген мүлік заңды иесіне қайтарылды.