https://sputnik.kz/20260828/pavlodarda-khas-qarzhy-piramidasyna-qatysty-sot-ukimi-shyqty-66163043.html
Павлодарда "Хас" қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты
Павлодарда "Хас" қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Қаржы пирамидасына 376 адам 2 млрд теңгеден астам қаражат салған 28.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-28T10:40+0500
2026-08-28T10:40+0500
2026-08-28T10:40+0500
қаржы пирамидасы
павлодар
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d5e89b8e833aaecc717ba098cebb012e.jpg
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Павлодарда "Хас" қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.Пирамида ұйымдастырушылары салымшыларға 70%-ға дейін табыс табуға уәде берген. 2022-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Астана мен Павлодар облысында қылмыстық топ құрып, елорда, Алматы, Павлодар, Екібастұз және басқа да қалалардың тұрғындарынан ақша тартқан.Қылмыстық жолмен алынған мүлік тәркіленді. Оның ішінде Астана мен Павлодар қалаларындағы жер учаскелері мен пәтерлер, 18 автокөлік және 300 млн теңгеден астам ақша бар.Сот үкімі заңды күшіне енді.Алайда зардап шеккендердің құқықтарын қорғау жұмыстары мұнымен тоқтаған жоқ. Кейінгі тергеу барысында тағы 139 жәбірленуші анықталып, оларға 882 854 500 теңге көлемінде залал келтірілгені белгілі болды.Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп, қажетті дәлелдер жиналды. Кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 3 млрд теңге шығынға батқан 515 азаматтың құқығы қорғалды. Олардың бір бөлігіне келтірілген залал өтелді.
https://sputnik.kz/20260407/almatyda-qarzhy-piramidasy-azamattardy-tartu-arqyly-zharty-mlrd-tengege-zhuyq-tabys-tapqan-62463982.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_749:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f1e75688b5435d2170ac5b23bc652675.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, павлодар
қаржы пирамидасы, павлодар
Павлодарда "Хас" қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты
Қаржы пирамидасына 376 адам 2 млрд теңгеден астам қаражат салған
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Павлодарда "Хас" қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Пирамида ұйымдастырушылары салымшыларға 70%-ға дейін табыс табуға уәде берген. 2022-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Астана мен Павлодар облысында қылмыстық топ құрып, елорда, Алматы, Павлодар, Екібастұз және басқа да қалалардың тұрғындарынан ақша тартқан.
"Жоғары табыс туралы уәдеге сенген 376 азамат қаржы пирамидасына 2 млрд теңгеден астам қаражат салған. Топты ұйымдастырушы бас бостандығынан айырылды, ал басқа қатысушыларға әртүрлі жаза кесілді", – деп хабарлады прокуратура.
Қылмыстық жолмен алынған мүлік тәркіленді. Оның ішінде Астана мен Павлодар қалаларындағы жер учаскелері мен пәтерлер, 18 автокөлік және 300 млн теңгеден астам ақша бар.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Алайда зардап шеккендердің құқықтарын қорғау жұмыстары мұнымен тоқтаған жоқ. Кейінгі тергеу барысында тағы 139 жәбірленуші анықталып, оларға 882 854 500 теңге көлемінде залал келтірілгені белгілі болды.
Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп, қажетті дәлелдер жиналды. Кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 3 млрд теңге шығынға батқан 515 азаматтың құқығы қорғалды. Олардың бір бөлігіне келтірілген залал өтелді.