Белгілі журналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден озды

© Photo : 24.kzТлеукабыл Мынжасар: В 90-е мы снимали свои сюжеты на камеры VHS. Оказывается, за границей этот формат использовался для любительской видеосъемки. Поскольку компьютеров тогда еще не было, тексты писали от руки, а затем отдавали на печать машинисткам.
Тлеукабыл Мынжасар: В 90-е мы снимали свои сюжеты на камеры VHS. Оказывается, за границей этот формат использовался для любительской видеосъемки. Поскольку компьютеров тогда еще не было, тексты писали от руки, а затем отдавали на печать машинисткам.   - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Тілеуқабыл Мыңжасар ұзақ жылдар бойы "Хабар" агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі болды
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Қазақ телевизиясының дамуына өзіндік үлес қосқан белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.
"Тілеуқабыл Мыңжасардың журналистика саласындағы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен отандық телевизияға қосқан үлесі әріптестері мен көпшіліктің жадында мәңгі сақталады, - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Тілеуқабыл Мыңжасар ұзақ жылдар бойы "Хабар" агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі болып, өңірдегі маңызды жаңалықтар мен өзекті мәселелерді халыққа жедел әрі сапалы жеткізді. Жоғары кәсібилігі мен азаматтық ұстанымы арқылы талай әріптесіне үлгі болды. Артында көптеген дарынды шәкірті қалды.
Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2022
Өңірлер
Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді
Жаңалықтар
0