Өңірлер

Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді

© PhotoТалдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді
Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан — Sputnik. Талдықорғанда журналистер үйіне белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің есімі берілді. Журналистикада Бейсен Құранбек газет тілшісінен облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директорына дейінгі жолдан өтті.
"Рахат", "31 арна", "Хабар" телеарналарында, президент телерадиокешенінде жұмыс істеді. Qazaqstan телеарнасында "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламаларын жүргізді.
Ол журналистика саласында студент кезінен бастап жұмыс істей бастады, ал мамандығына 25 жылдан астам өмірін арнады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Барлықтарыңызды Талдықорған журналистер үйіне талантты журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің есімін беру салтанатымен құттықтаймын. Өздеріңіз білетіндей, биыл 20 қазанда облысқа жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы бұл маңызды жаңалықты өңірдің тұрғындары мен бүкіл журналистік жұртшылықтың бастамасын қолдай отырып, көпшілікке бірінші болып жеткізді", - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.
Бейбіт Исабаев Бейсен Құранбектің атымен аталған журналистер үйінде жұмыс істеу әркім үшін үлкен мәртебе екенін айтты.
Бейсен Құранбектің ағасы Сәрсен Құранбек те көпшілікке алғысын білдірді.
"Бейсен қысқа, бірақ жарқын өмір сүрді, осы уақыт ішінде ол көп нәрсе істей алды. Тағы да облыстың барлық тұрғынына қолдау мен көңіл үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сіздің отбасыларыңызда Бейсен сияқты талантты ұлдар дүниеге келсін", - деді Сәрсен Құранбек.
Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар Бейсен Құранбекке арналған еске алу бұрышымен және фотокөрмемен танысты.
Белгілі журналист Бейсен Құранбек 2020 жылы 18 мамырда 49 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Оператор, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2020
Қоғам
Бейсен Құранбек атындағы сыйлықтың жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар
0