https://sputnik.kz/20260827/turkistan-oblysynda-zhalgan-nomirmen-zhurgen-zhurgizushi-politsiyadan-qashpaq-boldy-66154206.html
Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды
Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды
Sputnik Қазақстан
Ол бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды 27.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-27T20:25+0500
2026-08-27T20:25+0500
2026-08-27T20:25+0500
түркістан облысы
мемлекеттік нөмірлер
қамауға алынды
https://sputnik.kz/img/old/349/65/3496588_0:45:480:315_1920x0_80_0_0_e08b2090abce2a0e32881a2417926165.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында "Алматы — Ташкент — Термез" автожолында полицияның цифрлық жүйесі мемлекеттік нөмірі жалған Toyota Camry автокөлігін анықтады, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.Көлік туралы ақпарат бірден патрульдік полиция экипажына беріліп, тәртіп сақшылары оны тоқтатып, тексеру жүргізді.Ол бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны, көлікті тиісті құжатсыз басқарғаны және билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.Сонымен қатар оған 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.
https://sputnik.kz/20260826/zhetisuda-zhalgan-memlekettik-nomir-qoldangan-er-adam-kolik-basqaru-quqygynan-ayyryldy-66121884.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/349/65/3496588_0:0:480:360_1920x0_80_0_0_40d478663b80e71c5016692fac4fba07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, мемлекеттік нөмірлер, қамауға алынды
түркістан облысы, мемлекеттік нөмірлер, қамауға алынды
Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды
Ол бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында "Алматы — Ташкент — Термез" автожолында полицияның цифрлық жүйесі мемлекеттік нөмірі жалған Toyota Camry автокөлігін анықтады, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Көлік туралы ақпарат бірден патрульдік полиция экипажына беріліп, тәртіп сақшылары оны тоқтатып, тексеру жүргізді.
"Көлікті тоқтатуға әрекет жасаған кезде жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, бой тасалауға тырысқан. Патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел ұстады. Көлік тізгінінде Жаңа Тұрмыс ауылының 26 жастағы тұрғыны болғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Ол бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны, көлікті тиісті құжатсыз басқарғаны және билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар оған 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.