https://sputnik.kz/20260826/zhetisuda-zhalgan-memlekettik-nomir-qoldangan-er-adam-kolik-basqaru-quqygynan-ayyryldy-66121884.html
Жетісуда жалған мемлекеттік нөмір қолданған ер адам көлік басқару құқығынан айырылды
Жетісуда жалған мемлекеттік нөмір қолданған ер адам көлік басқару құқығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Панфилов аудандық соты жүргізушіні кінәлі деп танып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ жазасын тағайындады 26.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-26T21:06+0500
2026-08-26T21:06+0500
2026-08-26T21:06+0500
жүргізуші
мемлекеттік нөмірлер
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/old/570/90/5709070_0:56:1109:680_1920x0_80_0_0_2b114ab089ead1a22ca1d7add4c1097c.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында жалған мемлекеттік нөмір пайдаланған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.Жаркент қаласында полиция қызметкерлері басқа көлік құралына тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен автокөлік басқару дерегін анықтады.Құқық бұзушылық полиция қызметкерлерімен анықталып, көлік құралы тоқтатылды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жиналған материалдар сотқа жолданды.Істі қарау нәтижесінде Панфилов аудандық соты жүргізушіні кінәлі деп танып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ жазасын тағайындады. Сонымен қатар ер адам бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тәркіленіп, белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.Полиция басқа көлік құралына тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану өрескел құқық бұзушылық болып табылатынын ескертеді.
https://sputnik.kz/20260618/500-den-astam-qazaqstandyq-zhalgan-memlekettik-nomirmen-kolik-zhurgizgen-64229187.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/570/90/5709070_65:0:1045:735_1920x0_80_0_0_9d99e7f3f2c56c398468faf16ff793a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші, мемлекеттік нөмірлер, сот үкімі
жүргізуші, мемлекеттік нөмірлер, сот үкімі
Жетісуда жалған мемлекеттік нөмір қолданған ер адам көлік басқару құқығынан айырылды
Панфилов аудандық соты жүргізушіні кінәлі деп танып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ жазасын тағайындады
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында жалған мемлекеттік нөмір пайдаланған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Жаркент қаласында полиция қызметкерлері басқа көлік құралына тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен автокөлік басқару дерегін анықтады.
"Тексеру барысында Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі өз көлігіне Toyota Camry автокөлігіне тиесілі мемлекеттік нөмірді орнатып, қала көшелерінде жүргені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Құқық бұзушылық полиция қызметкерлерімен анықталып, көлік құралы тоқтатылды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жиналған материалдар сотқа жолданды.
Істі қарау нәтижесінде Панфилов аудандық соты жүргізушіні кінәлі деп танып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ жазасын тағайындады. Сонымен қатар ер адам бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тәркіленіп, белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.
Полиция басқа көлік құралына тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану өрескел құқық бұзушылық болып табылатынын ескертеді.