Тұрғын үйдің кіреберіс терезесінен далаға қарап дәрет сындырған ер адам қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Жазылу
Ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзған видеосы әлеуметтік желілерде тараған
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Астанада тұрғын үйдің кіреберіс подъезд терезесінен далаға кіші дәрет сындырған ер адам қамауға алынды, деп хабарлады елорданың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзған видеосы әлеуметтік желілерде тараған.
Сот хабарлауынша, 2026 жылдың 24 тамызында сағат 00:30-да ер адам тұрғын үйдің баспалдақ алаңында болып, кіреберіс (подъезд) терезесінен көшеге қарап тұрып кіші дәрет сындырған.
Жаза тағайындау кезінде сот әрекеттің сипатын, қоғамға деген құрметсіздікті және әлеуметтік желілердегі оқиғаның жариялылығын ескерді.
Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Балалар арбасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
Алматыда балалар арбасына дәрет сындырған курьер іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар
0