Алматыда балалар арбасына дәрет сындырған курьер іздестіріліп жатыр

Балалар арбасы
Балалар арбасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
Жазылу
Қажетін орындап болған курьер түк болмағандай жұмысын жалғастырып, тапсырысты клиентке жеткізген
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Алматыда "Glovo" қызметінің курьері көпқабатты үйдің кіреберісінде дәрет сындырған. Полиция оған іздеу жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Glovo жеткізу қызметінің курьері бала отыратын қоларбаға дәрет сындырған. Оның бейәдеп әрекеті туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
Қажетін орындап болған курьер түк болмағандай жұмысын жалғастырып, тапсырысты клиентке жеткізген.
Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция басқармасы тарапынан тексеру жүргізіліп жатыр.

"Бұл адамның кім екені анықталды. Полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінде.

Кабина лифта, кнопки - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Алматыда лифтіде дәрет сындырған ер адам қамауға алынды - видео
Жаңалықтар
0