Қазақстан мен Сингапурдың сауда көлемі алты айда 777 млн долларға жетті

© Пресс-служба правительства КазахстанаҚазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Жазылу
2025 жылы Сингапурдан келген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны екі есеге артып, шамамен 1,5 млрд долларды құрады
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті, деп хабарлады үкімет.
2025 жылы екіжақты сауда көлемі 1 млрд долларға жуықтады, ал 2026 жылдың алты айында тауар айналымы 777 млн долларға жетті. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өскен.
2025 жылы Сингапурдан келген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны екі есеге артып, шамамен 1,5 млрд долларды құрады.
"Біздің үкіметтеріміз жақсы қарым-қатынаста және бизнеске одан да көп бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін серіктестік құруға ұмтылуда. Екі ел экономикасына салынатын инвестициялар көлемі артып, мемлекеттеріміз арасындағы сауда көрсеткіштері өсуде. Бұл сауда көлемін одан әрі арттыруға негіз қалыптастырады. Біз Қазақстандағы өзгерістер мен өсу мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Біздің қарым-қатынасымызды одан әрі дамыту үшін үлкен әлеует бар", – деп атап өтті Ли Сянь Лун.
© Пресс-служба правительства КазахстанаҚазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті
Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов встретился со Старшим министром Сингапура Ли Сянь Луном - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Олар:
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Singapore Cooperation Enterprise арасында "Қалалық су ресурстары мен қалдықтарды орнықты басқару саласындағы көшбасшылық" әлеуетті арттыру бағдарламасы бойынша келісім;
Middle Corridor Multimodal Ltd мен Singapore Cooperation Enterprise арасында мультимодальды тасымалдар, саудаға жәрдемдесу және цифрландыру салаларындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум.
"Келісімдер Сингапурдың тәжірибесімен алмасуды, қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруды және су ресурстарын, көлік пен сауда экожүйелерін басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуді, соның ішінде Орта дәліздің әлеуетін ашуды көздейді", – деп мәлімдеді үкімет.
Мемлекет басшысы Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Қазақстан мен Сингапур жасанды интеллект бойынша ықпалдастықты жандандырады
Жаңалықтар
0