https://sputnik.kz/20260826/qazaqstan-men-singapur-zhasandy-intellekt-boyynsha-yqpaldastyqty-zhandandyrady-66120715.html
Қазақстан мен Сингапур жасанды интеллект бойынша ықпалдастықты жандандырады
Қазақстан мен Сингапур жасанды интеллект бойынша ықпалдастықты жандандырады
Sputnik Қазақстан
Президент Сингапурдың Чанги әуежайы әлемдік авиацияда "алтын стандарт" ретінде танылғанын айтты 26.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-26T20:01+0500
2026-08-26T20:01+0500
2026-08-26T20:01+0500
президент
цифрландыру
ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1a/66119741_0:64:1280:784_1920x0_80_0_0_6beb76b61e3d5c2cff147c925df776bf.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Оған дәлел – тұрақты саяси диалог, сауда-саттықтың өсімі және сингапурлық капиталдың көптеп тартылуы.Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер туралы әңгімеледі.Президент Сингапурдың Чанги әуежайы әлемдік авиацияда "алтын стандарт" ретінде танылғанын айтып, Қазақстан жаңа жобаны іске асыруда осы тәжірибені ескеретінін жеткізді. Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан мен Сингапур арасында жасанды интеллект және цифрландыру бойынша ықпалдастықты жандандыруды ұсынды.Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лун Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі жетістіктерді айтты.Әңгімелесу барысында экономика, көлік-логистика, "ақылды" қалаларды дамыту, ауыл шаруашылығы, аса маңызды минералдар және туризм салаларындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасына баса мән берілді.
https://sputnik.kz/20260820/qazaqstan-men-tatarstannyn-ulttyq-muzeyleri-yntymaqtastyq-turaly-kelisimge-keldi-65888672.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1a/66119741_20:0:1233:910_1920x0_80_0_0_02d699cdac26b115862e740e5e8be62b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, цифрландыру, ынтымақтастық
президент, цифрландыру, ынтымақтастық
Қазақстан мен Сингапур жасанды интеллект бойынша ықпалдастықты жандандырады
Президент Сингапурдың Чанги әуежайы әлемдік авиацияда "алтын стандарт" ретінде танылғанын айтты
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Оған дәлел – тұрақты саяси диалог, сауда-саттықтың өсімі және сингапурлық капиталдың көптеп тартылуы.
"Қазақстан мен Сингапур Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде ірі сауда серіктестері болып қала береді. Қазақстанда 500-ге тарта Сингапур капиталы бар компания жұмыс істейді және олардың қатары артып жатыр", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер туралы әңгімеледі.
Президент Сингапурдың Чанги әуежайы әлемдік авиацияда "алтын стандарт" ретінде танылғанын айтып, Қазақстан жаңа жобаны іске асыруда осы тәжірибені ескеретінін жеткізді. Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан мен Сингапур арасында жасанды интеллект және цифрландыру бойынша ықпалдастықты жандандыруды ұсынды.
Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лун Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі жетістіктерді айтты.
"Қазақстан компанияларының Сингапур нарығына қызығушылығы артып келеді. Осыған байланысты келісімшарт-құқық базасы да ойдағыдай дамуда. Инвестицияларды өзара қорғау, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімдер ратификацияланды", – деді Ли Сянь Лун.
Әңгімелесу барысында экономика, көлік-логистика, "ақылды" қалаларды дамыту, ауыл шаруашылығы, аса маңызды минералдар және туризм салаларындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасына баса мән берілді.