https://sputnik.kz/20260820/qazaqstan-men-tatarstannyn-ulttyq-muzeyleri-yntymaqtastyq-turaly-kelisimge-keldi-65888672.html
Қазақстан мен Татарстанның ұлттық музейлері ынтымақтастық туралы келісімге келді
Қазақстан мен Татарстанның ұлттық музейлері ынтымақтастық туралы келісімге келді
Sputnik Қазақстан
Келісім бірлескен көрме, ғылыми-зерттеу, білім беру және мәдени жобаларды дамытуға бағытталған 20.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-20T21:59+0500
2026-08-20T21:59+0500
2026-08-20T21:59+0500
музей
татарстан
https://sputnik.kz/img/07e8/06/06/44810052_89:126:1280:796_1920x0_80_0_0_c235ee1c32036c2b7905811ea22a8470.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінің өкілдері Қазан қаласында өткен "РОСТКИ: Ресей мен Қытай – өзара тиімді ынтымақтастық" IV халықаралық форумына қатысты, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.Форум аясында Қазақстан, Ресей және Қытайдың музей ісі, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері жиналып, мәдени мұраны сақтау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Қазақстандық тарап "Тарихи бағыттардан заманауи әріптестікке дейін: Ұлы Жібек жолы мұрасы аясындағы Қазақстан мен Қытайдың музейаралық ынтымақтастығы" тақырыбында баяндама жасады.Форум барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Татарстан Республикасының Ұлттық музейі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Құжат аясында екі елдің музейлері бірлескен көрмелер өткізіп, ғылыми жұмыстар мен білім беру жобаларын жүзеге асырады. Сондай-ақ тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстарды одан әрі дамыту көзделген.
https://sputnik.kz/20260628/soltustik-qazaqstanda-algashqy-tsifrlyq-muzey-ashyldy-64510120.html
татарстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/06/44810052_144:0:1280:852_1920x0_80_0_0_60e9822f9a60d57688df0c897fcca126.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
музей, татарстан
Қазақстан мен Татарстанның ұлттық музейлері ынтымақтастық туралы келісімге келді
Келісім бірлескен көрме, ғылыми-зерттеу, білім беру және мәдени жобаларды дамытуға бағытталған
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінің өкілдері Қазан қаласында өткен "РОСТКИ: Ресей мен Қытай – өзара тиімді ынтымақтастық" IV халықаралық форумына қатысты, деп хабарлады
Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Форум аясында Қазақстан, Ресей және Қытайдың музей ісі, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері жиналып, мәдени мұраны сақтау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстандық тарап "Тарихи бағыттардан заманауи әріптестікке дейін: Ұлы Жібек жолы мұрасы аясындағы Қазақстан мен Қытайдың музейаралық ынтымақтастығы" тақырыбында баяндама жасады.
"Жиында Ұлы Жібек жолының мұрасын зерттеу және кеңінен танытудағы музейлердің рөлі, сондай-ақ мәдениет ұйымдары арасындағы ғылыми және кәсіби байланысты дамытудың заманауи жолдары сөз болды", - деп жазылған хабарламада.
Форум барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Татарстан Республикасының Ұлттық музейі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат аясында екі елдің музейлері бірлескен көрмелер өткізіп, ғылыми жұмыстар мен білім беру жобаларын жүзеге асырады. Сондай-ақ тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстарды одан әрі дамыту көзделген.