Орталық Азия елдерінде еңбек демалысы қанша күн?

CC0 / Jan Vašek / Мужчина в аэропорту, архивное фото
Мужчина в аэропорту, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Жазылу
Ең ұзақ демалыс Түрікменстанда – 30 күнтізбелік күн, ал ең қысқа демалыс Өзбекстанда – 21 күнтізбелік күн
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Орталық Азия елдерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы әртүрлі. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.
Қазақстанда ең төменгі негізгі ақылы еңбек демалысы 24 күнтізбелік күнді құрайды. Бес күндік жұмыс аптасында демалысқа сәйкес келген сенбі мен жексенбі демалыс мерзіміне кіреді, алайда демалыс ақысы жұмыс күндеріне қарай есептеледі. 2025 жылы Қазақстанда бір жалдамалы қызметкерге орта есеппен 26,4 демалыс адам-күні келген. Бұл көрсеткіш қосымша ақылы демалыстарды да қамтиды.
Айта кетері, демалыс ұзақтығы кейбір мамандықтар үшін негізгі 24 күнтізбелік күннен әлдеқайда ұзақ. Мысалы, педагогтердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы 56 күнтізбелік күнді құрайды. Сонымен қатар зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша демалыс беріледі. 2025 жылы мұндай жеңілдікті 559,1 мың жұмысшы пайдаланған.
Қырғызстанда жыл сайынғы ең төменгі ақылы еңбек демалысы – 28 күнтізбелік күн. Демалыс кезеңіне түскен сенбі мен жексенбі де есепке алынып, төленеді.
Тәжікстанда негізгі еңбек демалысы – 24 күнтізбелік күн. Қазақстандағыдай демалыс ұзақтығы 24 күн болғанымен, айырмашылығы – бес күндік жұмыс аптасында демалысқа түскен сенбі мен жексенбі де төленеді.
Түрікменстанда ең төменгі жыл сайынғы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн. Бұл – Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш. Бес күндік жұмыс аптасында демалысқа түскен демалыс күндері де төленеді.
Өзбекстанда ең төменгі еңбек демалысы – 21 күнтізбелік күн. Бұл – өңірдегі ең төменгі көрсеткіш. Сенбі мен жексенбі демалыс мерзіміне кіреді. Алайда 2025 жылғы ақпаннан бастап демалыс ақысын есептеу кезінде жексенбі күндері есепке алынбайды, ал сенбі күндері төленеді.
Токаев посетил завод по производству респираторов и противогазов, а также выставку столичных предприятий, выпускающих изделия медицинского назначения
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2025
Еңбек министрлігі күніне қанша сағат жұмыс істеуге рұқсат етілетінін айтты
Жаңалықтар
0