Еңбек министрлігі күніне қанша сағат жұмыс істеуге рұқсат етілетінін айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев посетил завод по производству респираторов и противогазов, а также выставку столичных предприятий, выпускающих изделия медицинского назначения
Токаев посетил завод по производству респираторов и противогазов, а также выставку столичных предприятий, выпускающих изделия медицинского назначения
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2025
Жазылу
Барлығы бір тәулікте 12 сағаттан аспауға тиіс
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, қазақстандықтар бір уақытта бірнеше жұмыс орнында және әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек ете алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алайда бұл ретте мынадай шектеулер сақталуға тиіс:
негізгі жұмыста 8 сағаттан,
ал қосымша (қосалқы) жұмыста 4 сағаттан аспауы керек.
Яғни барлығы бір тәулікте 12 сағаттан аспауға тиіс.
"Кодекстің 32-бабының 4-тармағына сәйкес, қосымша жұмысқа еңбек шартын жасасу үшін жұмыскер негізгі жұмыс орнынан еңбек жағдайлары мен сипаттамасын растайтын анықтама (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) ұсынуы қажет", - деп жазылған хабарламада.
Кодекстің 68-бабының 3-тармағына сәйкес, негізгі жұмыс орнындағы және қосымша жұмыстағы күнделікті жұмыс уақытының жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығынан 4 сағаттан артық болмауға тиіс.
Кодекстің 92-бабының 5-тармағына сәйкес, қосымша жұмыс бойынша еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмыс орны бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі.
"Егер қосымша жұмыс бойынша еңбек шарты шеңберіндегі жыл сайынғы ақы төленетін демалыстың ұзақтығы негізгі жұмыс орны бойынша демалыс ұзақтығынан аз болса, онда жұмыскердің өтініші бойынша жұмыс беруші демалыстардың ұзақтығындағы айырмашылық күндеріне жалақы сақталмайтын демалыс береді", - деп түсіндірді министрлік.
Айта кету қажет, Кодекстің 26-бабының 2-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес, он сегіз жасқа толмаған адамдарды, сондай-ақ ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмыскерлерді (медициналық жұмыскерлерді қоспағанда) қосымша жұмысқа қабылдауға жол берілмейді.
Сонымен қатар "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы" заңына сәйкес, қосымша жұмыс істеуге мемлекеттік қызметшілерге тыйым салынады, өйткені олар педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметтен басқа, өзге ақылы қызметпен айналысуға құқылы емес.
Осылайша, жоғарыда аталған шектеулерге жатпайтын кез келген кәмелетке толған азамат қосымша жұмыс істей алады.
Жаңалықтар
0