https://sputnik.kz/20260827/kezekte-turgandar-baspanany-ozderi-tanday-alady-66145550.html
Кезекте тұрғандар баспананы өздері таңдай алады
Кезекте тұрғандар баспананы өздері таңдай алады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді 27.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-27T13:34+0500
2026-08-27T13:34+0500
2026-08-27T13:34+0500
баспана
кезекке тұру
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1a/55107271_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_29d7d0f2300165fd2fa22aeee87983e4.jpg
АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы баспананы өздері таңдап, оны алуға өтінім бере алады, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.Бұл мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар салған немесе сатып алған тұрғын үйлерге қатысты.Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін Отбасы банк тұрғын үй алушылардың тізімін жасайды. Баспананы бөлу кезінде кезекке қойылған күні, отбасының соңғы алты айдағы табыс деңгейі мен құрамы, сондай-ақ өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесі ескеріледі.Мемлекеттік тұрғын үйдің кемінде 20%-ы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кемінде 50%-ы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріледі."Тағы бір өзгеріс 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Үйдің немесе пәтердің бөлме санын айқындау кезінде отбасы құрамы ескеріледі. Атап айтқанда, ерлі-зайыптыларға, ата-аналарға, сондай-ақ әртүрлі жыныстағы балаларға жеке бөлме беру талаптары қарастырылған", - дейді құрылыс министрлігі.Бұл тәртіп тұрақты негізде қолданылады.
https://sputnik.kz/20260310/baspana-kezeginde-turgandar-qansha-uaqytta-pater-alady-61745125.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1a/55107271_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_7bdbdb5eafa5a0b52a9690d341aae59d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, кезекке тұру
Кезекте тұрғандар баспананы өздері таңдай алады
Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді
АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы баспананы өздері таңдап, оны алуға өтінім бере алады, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Бұл мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар салған немесе сатып алған тұрғын үйлерге қатысты.
"Жаңа тетік бойынша алғашқы өтінімдер 1-7 қыркүйек аралығында baspana.otbasybank.kz порталы арқылы қабылданады. Өтінімді тиісті ауданда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар электронды цифрлық қолтаңба арқылы бере алады", - дейді министрлік.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін Отбасы банк тұрғын үй алушылардың тізімін жасайды. Баспананы бөлу кезінде кезекке қойылған күні, отбасының соңғы алты айдағы табыс деңгейі мен құрамы, сондай-ақ өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесі ескеріледі.
Мемлекеттік тұрғын үйдің кемінде 20%-ы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кемінде 50%-ы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріледі.
"Тағы бір өзгеріс 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Үйдің немесе пәтердің бөлме санын айқындау кезінде отбасы құрамы ескеріледі. Атап айтқанда, ерлі-зайыптыларға, ата-аналарға, сондай-ақ әртүрлі жыныстағы балаларға жеке бөлме беру талаптары қарастырылған", - дейді құрылыс министрлігі.
Бұл тәртіп тұрақты негізде қолданылады.