Баспана кезегінде тұрғандар қанша уақытта пәтер алады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Жазылу
Биыл кезекте тұрған 25 мың отбасы баспаналы болады
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова баспана кезегінде тұрғандардың барлығы қанша уақыттың ішінде пәтер алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде баспана кезегінде тұрған 395 мың адам өз құжатын ұсынған. Олардың ішінде 350 мыңы инвентаризациядан өтті, яғни барлығы тиісті талапқа сай деп танылды.
"Бізге қазір 19 850 пәтер берілді. Соның барлығы 5 проценттік ипотекаға беріледі, сосын жалдамалы баспана бар. Біздің жоспарымыз бойынша биыл кезекте тұрған 25 мың отбасы баспаналы болады. Сонда 350 мың адамның барлығы 10 жылдың ішінде баспаналы болады деп сенеміз", - деді Ибрагимова үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, инвентаризация кезінде баспана кезегінен 50 мың адам шығарылды. Себебі оларда бұрын баспана болған.
 Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2026
Ипотекаға баспана алам деушілерге жаңа мүмкіндік туды
Жаңалықтар
0