Ипотекаға баспана алам деушілерге жаңа мүмкіндік туды

© Sputnik / Владислав Воднев Новоселье, архивное фото
 Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2026
Жазылу
2026 жылдың ақпан айынан бастап баспана кезегінде тұрғандарға тұрғын үйде үлесі болса да, жеңілдікпен ипотека алу құқығы беріледі
АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін маңызды өзгерістер туралы "Отбасы банкі" хабарлады.
Енді тұрғын үйде үлесі бар, кезекте тұрған адамдар да мемлекеттен көмек ретінде жеңілдетілген ипотека немесе жалға берілетін тұрғын үй ала алады.
Бұрын пәтерде аз үлесі болса да, оған мемлекеттік көмек алуға мүмкіндік болмайтын. Енді жеңілдетілген ипотекаға да, мемлекеттен тұрғын үйге де қол жеткізе алады.
"Отбасы банкі" бұл мәселе заңды түрде әлі шешілмегенін айтады. Бірақ көптеген өтініш түскендіктен азаматтардың жағдайын түсініп, кезекте тұрғандарды үлестік меншікпен қарастыру туралы шешім қабылданды.
Бұл мүмкіндік қазақстандықтарға 2026 жылдың ақпан айынан бастап қолжетімді болады.
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Ипотека қашан 20 процентке дейін төмендейді – агенттік басшысы жауап берді
Жаңалықтар
0