https://sputnik.kz/20260827/baspana-aluga-komektesemin-oskemen-turgyny-25-adamdy-san-soqtyrgan-66155713.html
"Баспана алуға көмектесемін": Өскемен тұрғыны 25 адамды сан соқтырған
"Баспана алуға көмектесемін": Өскемен тұрғыны 25 адамды сан соқтырған
Sputnik Қазақстан
Келтірілген жалпы шығын көлемі 186 млн теңгеден асады 27.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-27T22:53+0500
2026-08-27T22:53+0500
2026-08-27T22:53+0500
шығыс қазақстан
қылмыстық іс
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/old/97/35/973598_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_163ce32f7a99b23a3b6a070a59e9ab0c.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға көмектесуге уәде берген алаяқтық схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.Өскемен тұрғыны азаматтарға пәтерлерді тиімді бағамен ұсынып, оларды рәсімдеу жұмыстарын өз мойнына алатынын айтқан.Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 30 жастағы ер адам 2024 жылдың қарашасынан 2026 жылдың сәуіріне дейін әрекет еткен. Ол адамдарды өзіне қолма-қол ақша беруге және банк шоттарына ақша аударуға көндірген. Ақша алғаннан кейін тұрғын үйді тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және басқа да төлемдер үшін қосымша шығындар қажет екенін айтып, жаңа талаптар қойған.Алайда уәде етілген баспана мен құжаттарды олар сол күйі ала алмаған. Алаяқтың әрекеттен облыстың 25 тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 186 млн теңгеден асады.Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында және жауап алу барысында өз кінәсін мойындады.
https://sputnik.kz/20260624/qostanay-oblysynda-qonys-audarushylar-baspana-alu-kezinde-alayaqtyq-zhasagany-anyqtaldy-64389770.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/97/35/973598_180:0:1260:810_1920x0_80_0_0_aeba0a98384a8945ae41d800ef9bbf2c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, қылмыстық іс, алаяқтық
шығыс қазақстан, қылмыстық іс, алаяқтық
"Баспана алуға көмектесемін": Өскемен тұрғыны 25 адамды сан соқтырған
Келтірілген жалпы шығын көлемі 186 млн теңгеден асады
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға көмектесуге уәде берген алаяқтық схемасы әшкереленді, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Өскемен тұрғыны азаматтарға пәтерлерді тиімді бағамен ұсынып, оларды рәсімдеу жұмыстарын өз мойнына алатынын айтқан.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 30 жастағы ер адам 2024 жылдың қарашасынан 2026 жылдың сәуіріне дейін әрекет еткен. Ол адамдарды өзіне қолма-қол ақша беруге және банк шоттарына ақша аударуға көндірген. Ақша алғаннан кейін тұрғын үйді тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және басқа да төлемдер үшін қосымша шығындар қажет екенін айтып, жаңа талаптар қойған.
"Жәбірленушілерді мәміленің шынайылығына түпкілікті сендіру үшін ер адам пәтер жалдап, оны олардың болашақ баспанасы ретінде көрсеткен. Азаматтар жақын арада баспананың кілтін аламыз деген үмітпен ақша беруді жалғастырған", - деп жазылған хабарламада.
Алайда уәде етілген баспана мен құжаттарды олар сол күйі ала алмаған. Алаяқтың әрекеттен облыстың 25 тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 186 млн теңгеден асады.
Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында және жауап алу барысында өз кінәсін мойындады.