https://sputnik.kz/20260826/sporttyq-zharystarga-baratyn-delegatsiyalar-quramyndagy-mamandar-sanyna-shekteu-engizildi-66098137.html
Спорттық жарысқа баратын делегация құрамындағы мамандар санына шектеу енгізілді
Спорттық жарысқа баратын делегация құрамындағы мамандар санына шектеу енгізілді
Sputnik Қазақстан
Халықаралық жарыстарға баратын спорттық делегацияларға жаңа талап енгізілді 26.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-26T13:24+0500
2026-08-26T13:24+0500
2026-08-26T13:25+0500
спорт
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1e/65324993_0:150:1600:1050_1920x0_80_0_0_de441781287fe028726b2ab0928ab78c.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және басқа да ірі халықаралық жарыстарға баратын спорттық делегациялардың құрамын жасақтаудың бірыңғай тәртібі бекітілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Енді делегация құрамындағы жаттықтырушылар, мамандар және өзге де өкілдердің саны спортшылардың санына, жарыстың деңгейі мен ерекшелігіне және ұлттық құраманың қажеттілігіне қарай анықталады.Жаттықтырушылар мен мамандар үшін ең жоғары квота қарастырылған. Олардың үлесі жазғы Олимпиадада 86%-ға дейін, ал қысқы Олимпиада мен Паралимпиадада 100%-ға дейін жетуі мүмкін.Сонымен қатар бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларға ілесіп жүретін адамдар үшін 38%-ға дейін, медицина қызметкерлері үшін жазғы Олимпиадада 28%-ға дейін, басқа жарыстарда 23%-ға дейін квота белгіленді.Ұлттық олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада комитеттерінің өкілдеріне жазғы ойындарда 13%-ға дейін, қысқы ойындарда 40%-ға дейін орын қарастырылған.
https://sputnik.kz/20260724/qazaqstandyqtar-kolledzhderdin-sport-zaldary-men-basseynderine-bara-alady---zan-kushine-endi-65170973.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1e/65324993_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_0c9fb30b2c6913678492679d373921c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Спорттық жарысқа баратын делегация құрамындағы мамандар санына шектеу енгізілді
13:24 26.08.2026 (жаңартылды: 13:25 26.08.2026) Халықаралық жарыстарға баратын спорттық делегацияларға жаңа талап енгізілді
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және басқа да ірі халықаралық жарыстарға баратын спорттық делегациялардың құрамын жасақтаудың бірыңғай тәртібі бекітілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Енді делегация құрамындағы жаттықтырушылар, мамандар және өзге де өкілдердің саны спортшылардың санына, жарыстың деңгейі мен ерекшелігіне және ұлттық құраманың қажеттілігіне қарай анықталады.
"Жазғы Олимпиадада министрлік өкілдерінің үлесі 3%-дан, ал Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өкілдерінің үлесі 2%-дан аспайды. Қысқы Олимпиадада бұл көрсеткіштер тиісінше 10% және 8% болады", - деп жазылған хабарламада.
Жаттықтырушылар мен мамандар үшін ең жоғары квота қарастырылған. Олардың үлесі жазғы Олимпиадада 86%-ға дейін, ал қысқы Олимпиада мен Паралимпиадада 100%-ға дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларға ілесіп жүретін адамдар үшін 38%-ға дейін, медицина қызметкерлері үшін жазғы Олимпиадада 28%-ға дейін, басқа жарыстарда 23%-ға дейін квота белгіленді.
Ұлттық олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада комитеттерінің өкілдеріне жазғы ойындарда 13%-ға дейін, қысқы ойындарда 40%-ға дейін орын қарастырылған.