Қазақстандықтар колледждердің спорт залдары мен бассейндеріне бара алады - заң күшіне енді

© Public DomainФитнес
Фитнес  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жазылу
Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек жалпы орта білім беру ұйымдарында болған
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі білім беру туралы заңдағы өзгерістің күшіне енгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан колледждеріне білім беру процесінен тыс уақытта дене шынықтыру-сауықтыру және спорт нысандарын жалға беру құқығы берілді.
Вице-министр Шынар Ақпарованың айтуынша, бұған дейін мұндай мүмкіндік тек жалпы орта білім беру ұйымдарында болған.
"Енді колледждердің спорт залдары, бассейндері, стадиондары және өзге де спорт нысандары оқу сабақтары аяқталғаннан кейін елді мекен тұрғындарының пайдалануына ұсынылатын болады", - дейді Ақпарова.
Ал жалға беруден түсетін кірістерді колледждер спорт нысандарын күтіп-ұстауға және жөндеуге, заманауи спорттық құрал-жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны дамытуға жұмсай алады.
Заседание мажилиса парламента - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Бір миллион адамның айыппұлы кешіріледі – заң қабылданды
Жаңалықтар
0