Қазақстанның жүргізуші куәліктері Қытайда танылады

© Photo : Polisia.kzЖүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Жазылу
Елдер арасындағы келісім жобасы 30 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Қытай бір-бірінің жүргізуші куәліктерін мойындауды қарастырып жатыр, деп жазылған Қазақстанның ІІМ қаулы жобасында.
Келісім тек жеңіл автокөліктерге қолданылады. Құжат жүргізуші куәліктерін қайта оқытусыз және қайта емтихан тапсырусыз, айырбастауды жүргізетін елдің заңнамалық талаптарына сәйкес алмасуға мүмкіндік береді.
Қаулы жобасы 30 тамызға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Қазіргі уақытта қазақстандық жүргізушілер Қытай ішінде жүру үшін уақытша жүргізуші куәлігін алуы, сондай-ақ оның мәтінін аударып, оны нотариалды тұрғыда куәландыруы керек.
Еске салайық, Қазақстан мен БАӘ арасындағы жүргізуші куәліктерін мойындау туралы келісім 2026 жылдың 25 шілдесінде күшіне енді.
Қазақстанынң ішкі істер министрі Ержан Саденов Біріккен Араб Әмірліктерінің ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Қазақстандықтар жүргізуші куәліктерін БАӘ-де қолдана алады
Жаңалықтар
0