https://sputnik.kz/20260626/qazaqstan-men-baa-zhurgizushi-kualikterin-ozara-tanu-zhoninde-kelisimge-keldi-64457080.html
Қазақстандықтар жүргізуші куәліктерін БАӘ-де қолдана алады
Қазақстандықтар жүргізуші куәліктерін БАӘ-де қолдана алады
Sputnik Қазақстан
Меморандум ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тануды, сондай-ақ құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады 26.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-26T09:54+0500
2026-06-26T09:54+0500
2026-06-26T10:24+0500
баә
жүргізуші куәлігі
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64456177_0:37:1081:645_1920x0_80_0_0_61ce531fe56868e2986b6c08e1681f00.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Polisia.kz.Бұл жөнінде араб тарапының шақыруымен Қазақстанынң ішкі істер министрі Біріккен Араб Әмірліктеріне, атап айтқанда, Әбу-Даби қаласына жұмыс сапарымен барғанда қол жеткізілді. Сапар аясында Ержан Саденовтің Әмірліктің вице-премьер-министрі әрі Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздері өткізді.Келіссөздердің басты нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Ішкі істер министрлігі арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.Меморандум ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тануды, сондай-ақ құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады. Меморандум тараптар қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді.Тараптар қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылады. Атап айтқанда, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, киберқылмысқа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді іздестіру, жедел ақпарат алмасу, заманауи технологияларды енгізу және кадрларды даярлау мәселелері қарастырылды.
https://sputnik.kz/20260303/baa-men-qatarda-biletsiz-zhurgen-qazaqstandyqtardy-elge-qalay-qaytarady-61576914.html
баә
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64456177_55:0:1015:720_1920x0_80_0_0_7d0b7ccf7529deeb2c9a2b4b294e855d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баә, жүргізуші куәлігі, ішкі істер министрлігі
баә, жүргізуші куәлігі, ішкі істер министрлігі
Қазақстандықтар жүргізуші куәліктерін БАӘ-де қолдана алады
09:54 26.06.2026 (жаңартылды: 10:24 26.06.2026) Меморандум ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тануды, сондай-ақ құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жөнінде араб тарапының шақыруымен Қазақстанынң ішкі істер министрі Біріккен Араб Әмірліктеріне, атап айтқанда, Әбу-Даби қаласына жұмыс сапарымен барғанда қол жеткізілді. Сапар аясында Ержан Саденовтің Әмірліктің вице-премьер-министрі әрі Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздері өткізді.
Келіссөздердің басты нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Ішкі істер министрлігі арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
"Жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың Қазақстан азаматы барады. Сонымен қатар БАӘ аумағында 14 мыңға жуық қазақстандық азамат тұрақты түрде тұрады. Қол қойылған меморандум оларға жүргізуші куәліктерін пайдалану кезінде жеңілдіктер әкеледі", - деп жазылған хабарламада.
Меморандум ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тануды, сондай-ақ құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады. Меморандум тараптар қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді.
Тараптар қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылады. Атап айтқанда, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, киберқылмысқа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді іздестіру, жедел ақпарат алмасу, заманауи технологияларды енгізу және кадрларды даярлау мәселелері қарастырылды.