БАӘ мен Қатарда билетсіз жүрген қазақстандықтарды елге қалай қайтарады

Аэропорт Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Жазылу
Қазіргі кезде 467 қазақстандық автобуспен Оманға шықты
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев БАӘ мен Қатарда билетсіз жүрген қазақстандықтар елге қалай қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін билеті бар қазақстандықтар ұшақпен Астанаға жеткізілген болатын.

"Бұдан бөлек, билеті жоқ, сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Қатарда тұратын азаматтарымыз бар. Олар екі көрші мемлекет - Оман сұлтанаты мен Сауд Арабиясы арқылы шығарылады", - деді Бақаев үкіметтегі брифингте.

Қазіргі кезде 467 қазақстандық автобуспен Оманға шықты. Сол жақта елге ұшақпен қайтады.
"Ал Қатардан шығатындар алдымен автобуспен Эр-Риядқа, одан ары қарай Жидда қаласына жеткізіледі. Ол жақтан өз ұшақтарымызбен Қазақстанға алып келеміз", - деді министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, Оман астанасы - Маскат қаласына жеткізілетін қазақстандықтар бүгін елге ұшып шығады. Ал Сауд Арабиясының Джиддасынан алғашқы лекпен 343 адам шығарылады.
"Ұшаққа алдымен әйелдер мен балалар, сондай-ақ, 60 жастан асқандар және ауры баи азаматтар отырғызылады", - дейді Бақаев.
СІМ өкілі қазақстандықтар Ираннан қалайы шығарылатынын да бөлісті.
"Бүгінде тек жермен шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан қазақстандықтар Армения, Әзербайдан мен Түрікменстан арқылы шығарылады. Министр сол елдердегі әріптестерімен телефон арқылы келіссөздер өткізді. Кеше Түрікменстан арқылы шамамен 17 Қазақстан азаматын шығарылды. Олар Иранның Горган қаласында болған ", - деді Бақаев үкіметтегі брифингте.
Здание Министерства иностранных дел - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Таяу Шығыста 8600-ден астам қазақстандық жүр - сыртқы істер министрлігі
Жаңалықтар
0