https://sputnik.kz/20260303/tayau-shygysta-8600-den-astam-qazaqstandyq-zhur---syrtqy-ister-ministrligi-61567999.html
Таяу Шығыста 8600-ден астам қазақстандық жүр - сыртқы істер министрлігі
Таяу Шығыста 8600-ден астам қазақстандық жүр - сыртқы істер министрлігі
Sputnik Қазақстан
Әскери іс-қимылдар басталғаннан бері Таяу Шығыс елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабылған 03.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-03T10:29+0500
2026-03-03T10:29+0500
2026-03-03T10:29+0500
сыртқы істер министрлігі
әзербайжан
түрікменстан
https://sputnik.kz/img/919/25/9192549_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_bb86a6e3e7838f81b134b10b7060ff85.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Қақтығыс болып жатқан Таяу Шығыс елдерінде шамамен 8618 Қазақстан азаматы жүр, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.Әскери-саяси ахуалдың ушығуы жағдайында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі күшейтілген режімде жұмысын жалғастырып жатыр.Өңірдегі шет елдердегі мекемелердің дипломаттары жағдайды бақылап, жедел әрекет ету және консулдық-құқықтық көмек көрсету мақсатында жергілікті билік органдары және Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста. Олар әуежайларға жүйелі түрде барып жатыр."Төтенше байланыс желілері мен мессенджерлердегі жедел чаттар арқылы өңірде және транзиттік аймақтарда орналасқан қазақстандықтардың тізімдерін тұрақты түрде жаңартып отыруда. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - дейді министрлік.Қазақстан азаматтары қай елдерде жүр:Бұл шамамен есептегенде нақты анықталған сан.Қақтығыс аймағындағы қазақстандықтарға қандай көмек көрсетіліп жатырӘскери іс-қимылдар басталғаннан бері Таяу Шығыс елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабылған. Әуе тасымалдаушылары рейстерді тоқтатуға мәжбүр болғандықтан, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері туристік компаниялармен бірлесіп азаматтарды қонақүйлерге уақытша орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, БАӘ қонақүйлерінде біздің азаматтарға жағдай тұрақталғанға дейін тұру және тамақтану қамтамасыз етілген.Бұған дейін хабарланғандай, шиеленіс аймақтарынан қазақстандықтарды ықтимал эвакуациялау бағыттары мен шаралары пысықталып жатыр. Қауіпсіздік мақсатында жергілікті билік органдары өз бетінше қозғалмауға кеңес береді. Эвакуациялық рейс ұйымдастырылған жағдайда бірінші кезекте қолдау шаралары халықтың неғұрлым осал санаттарына, атап айтқанда қарт адамдарға, әйелдер мен балаларға көрсетілетін болады.Қазақстандықтар елге қалай қайтарыладыИраннан көрші елдер арқылы азаматтарымызды эвакуациялауға жәрдем көрсету жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді:Армян тарапымен Қазақстан азаматтарының Армения аумағы арқылы эвакуациялануы жағдайында Иран-Армения шекарасынан кедергісіз өту мәселесі келісілді.Осыған ұқсас жұмыс Әзербайжан тарапымен де жүргізілді, олар эвакуация мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Елдің құрлықтағы шекара өткелдеріндегі өткізу тәртібі шектеулі болғандықтан, шекарадан өту үшін арнайы рұқсат қажет.Екі азаматтың өтініші негізінде Қахақстанның Әзербайжандағы елшілігі Ираннан "Джульфа" бақылау-өткізу пункті Нахчыван арқылы кіруге жедел түрде рұқсат алды.Түрікменстан тарапы да қазақстандық азаматтардың эвакуациясы үшін мемлекеттік шекарадан өтуге жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.
https://sputnik.kz/20260302/syrtqy-ister-ministrligi-irandagy-zhagdayga-qatysty-malimdeme-zhasady-61560814.html
әзербайжан
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/919/25/9192549_92:0:2823:2048_1920x0_80_0_0_8e47f0abdb70d1ec985c75f65e1de761.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыртқы істер министрлігі, әзербайжан, түрікменстан
сыртқы істер министрлігі, әзербайжан, түрікменстан
Таяу Шығыста 8600-ден астам қазақстандық жүр - сыртқы істер министрлігі
Әскери іс-қимылдар басталғаннан бері Таяу Шығыс елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабылған
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Қақтығыс болып жатқан Таяу Шығыс елдерінде шамамен 8618 Қазақстан азаматы жүр, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Әскери-саяси ахуалдың ушығуы жағдайында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі күшейтілген режімде жұмысын жалғастырып жатыр.
Өңірдегі шет елдердегі мекемелердің дипломаттары жағдайды бақылап, жедел әрекет ету және консулдық-құқықтық көмек көрсету мақсатында жергілікті билік органдары және Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста. Олар әуежайларға жүйелі түрде барып жатыр.
"Төтенше байланыс желілері мен мессенджерлердегі жедел чаттар арқылы өңірде және транзиттік аймақтарда орналасқан қазақстандықтардың тізімдерін тұрақты түрде жаңартып отыруда. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - дейді министрлік.
Қазақстан азаматтары қай елдерде жүр:
Сауд Арабиясында - 3 000 адам
Қатарда - 1 500-ге жуық адам
Израильде - 100 азамат тіркелген.
Бұл шамамен есептегенде нақты анықталған сан.
Қақтығыс аймағындағы қазақстандықтарға қандай көмек көрсетіліп жатыр
Әскери іс-қимылдар басталғаннан бері Таяу Шығыс елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабылған. Әуе тасымалдаушылары рейстерді тоқтатуға мәжбүр болғандықтан, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері туристік компаниялармен бірлесіп азаматтарды қонақүйлерге уақытша орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, БАӘ қонақүйлерінде біздің азаматтарға жағдай тұрақталғанға дейін тұру және тамақтану қамтамасыз етілген.
Бұған дейін хабарланғандай, шиеленіс аймақтарынан қазақстандықтарды ықтимал эвакуациялау бағыттары мен шаралары пысықталып жатыр. Қауіпсіздік мақсатында жергілікті билік органдары өз бетінше қозғалмауға кеңес береді. Эвакуациялық рейс ұйымдастырылған жағдайда бірінші кезекте қолдау шаралары халықтың неғұрлым осал санаттарына, атап айтқанда қарт адамдарға, әйелдер мен балаларға көрсетілетін болады.
Қазақстандықтар елге қалай қайтарылады
"Бұған дейін Тегеран қаласынан "Заркух" компаниясының өкілдерін, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының қызметкерлерін және дипломатиялық өкілдік қызметкерлерін қоса алғанда, Қазақстанның 50 азаматы шығарылды", - дейді министрлікте.
Ираннан көрші елдер арқылы азаматтарымызды эвакуациялауға жәрдем көрсету жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді:
Армян тарапымен Қазақстан азаматтарының Армения аумағы арқылы эвакуациялануы жағдайында Иран-Армения шекарасынан кедергісіз өту мәселесі келісілді.
Осыған ұқсас жұмыс Әзербайжан тарапымен де жүргізілді, олар эвакуация мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Елдің құрлықтағы шекара өткелдеріндегі өткізу тәртібі шектеулі болғандықтан, шекарадан өту үшін арнайы рұқсат қажет.
Екі азаматтың өтініші негізінде Қахақстанның Әзербайжандағы елшілігі Ираннан "Джульфа" бақылау-өткізу пункті Нахчыван арқылы кіруге жедел түрде рұқсат алды.
Түрікменстан тарапы да қазақстандық азаматтардың эвакуациясы үшін мемлекеттік шекарадан өтуге жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.