https://sputnik.kz/20260302/syrtqy-ister-ministrligi-irandagy-zhagdayga-qatysty-malimdeme-zhasady-61560814.html
Сыртқы істер министрлігі Ирандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Сыртқы істер министрлігі Ирандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттеріне жасалған соққыларға байланысты өкініш білдірді 02.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-02T19:34+0500
2026-03-02T19:34+0500
2026-03-02T19:34+0500
ақш пен иран қақтығысы
қазақстан
https://sputnik.kz/img/237/25/2372574_0:188:5905:3509_1920x0_80_0_0_cc2c49ebb4ecbd11685b997559f08f80.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. 2 наурызда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ирандағы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.Ведомство бейбіт тұрғындардың, Иран басшылығының қаза болуына байланысты көңіл айтты.Жетібаев Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіретінін мәлімдеді."Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді. Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ұсынушылардың бірі ретінде қарулы қақтығыстар жағдайында адамгершілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтеді", - деп жазылған министрліктің мәлімдемесінде.Қазақстан өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тарапты барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырады.
https://sputnik.kz/20260302/qaqtygys-aymagynda-zhurgen-qazaqstandyq-turisterge-qanday-komek-korsetildi-61556118.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/25/2372574_488:0:5415:3695_1920x0_80_0_0_bd82d3a49fb3f86c4230666da7e59260.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш пен иран қақтығысы, қазақстан
ақш пен иран қақтығысы, қазақстан
Сыртқы істер министрлігі Ирандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттеріне жасалған соққыларға байланысты өкініш білдірді
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. 2 наурызда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ирандағы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Ведомство бейбіт тұрғындардың, Иран басшылығының қаза болуына байланысты көңіл айтты.
"Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына қайғырып көңіл айтамыз", - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.
Жетібаев Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіретінін мәлімдеді.
"Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді. Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ұсынушылардың бірі ретінде қарулы қақтығыстар жағдайында адамгершілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтеді", - деп жазылған министрліктің мәлімдемесінде.
"Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі жөніндегі өзінің қағидатты ұстанымының өзгермейтінін растайды", - деп толықтырды ресми өкіл.
Қазақстан өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тарапты барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырады.