https://sputnik.kz/20260302/qaqtygys-aymagynda-zhurgen-qazaqstandyq-turisterge-qanday-komek-korsetildi-61556118.html
Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетілді
Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 мыңнан астам, ал Қатарда 1 мыңнан астам адам бар 02.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-02T14:39+0500
2026-03-02T14:39+0500
2026-03-02T14:39+0500
туристер
иран
қақтығыс
https://sputnik.kz/img/07ea/03/02/61550964_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f32e2c86946c58a1fa9bb8d6fd39af8e.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. "Туристік Қамқор" қорының төрағасы Инна Рей қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгінде қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарға жиі барады.Ал Мекке мен Мединада шамамен 200 қазақстандық турист қалды. Бүгінде қорға кіретін туристік компаниялар арқылы Таяу Шығысқа барған қазақстандықтардың барлығына көмек көрсетіліп жатыр."Қорда осы компаниялардың жиналған қаржысы бар. Олар соның есебінен туристерге баспана мен тамақтың ақысын төлеп жатыр. Сондықтан барлық міндет орындалады. Әзірше бізге зардап шеккендердің тарапынан арыз-шағым түскен жоқ", - деді Рей.Осы орайда қор басшысы Таяу Шығысқа өздігімен барған туристердің бар екенін де еске салды. Олардың да саны аз емес. Ал эвакуациялауға арналған рейстер үшін аймақта әуе кеңістігі қауіпті болып тұр.
https://sputnik.kz/20260301/tayau-shygys-elderinen-qazaqstanga-eki-kunde-26-reys-toqtatyldy-61529093.html
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/02/61550964_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8b6f81c4650ad0a04c2cd4e8a13bc3bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер, иран, қақтығыс
Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетілді
Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 мыңнан астам, ал Қатарда 1 мыңнан астам адам бар
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. "Туристік Қамқор" қорының төрағасы Инна Рей қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарға жиі барады.
"Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 мыңнан астам, ал Қатарда 1 мыңнан астам адам бар. Олардың арасында балалар көп. Қазіргі кезде барлығы қонақ үйлерге орналастырылды", - деді Рей журналистерге берген сұхбатында.
Ал Мекке мен Мединада шамамен 200 қазақстандық турист қалды. Бүгінде қорға кіретін туристік компаниялар арқылы Таяу Шығысқа барған қазақстандықтардың барлығына көмек көрсетіліп жатыр.
"Қорда осы компаниялардың жиналған қаржысы бар. Олар соның есебінен туристерге баспана мен тамақтың ақысын төлеп жатыр. Сондықтан барлық міндет орындалады. Әзірше бізге зардап шеккендердің тарапынан арыз-шағым түскен жоқ", - деді Рей.
Осы орайда қор басшысы Таяу Шығысқа өздігімен барған туристердің бар екенін де еске салды. Олардың да саны аз емес. Ал эвакуациялауға арналған рейстер үшін аймақта әуе кеңістігі қауіпті болып тұр.