Кейбір қаламгерлеріміз "мұң" деген сөзді жақсы көреді – Тоқаев

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Республиканской Августовской конференции
Касым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Республиканской Августовской конференции - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Жазылу
Президенттің айтуынша ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылу керек
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында тексерілмеген тарихи деректер мен оқиғалар сипатталатын оқу материалдарын қайта қарау жөнінде тапсырма берді, деп хабарлады Ақорда.
"Жақында үкімет жұртшылыққа нәтижелі жұмыстың қорытындысын жариялады. Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам өрескел қате табылған. Мұның бәрі орта білімнің сапасына нұқсан келтіреді десек, артық айтқандық емес.Әлгінде ғана тексерілмеген тарихи деректер мен оқиғалар сипатталатын, балаларға жалған "қаһармандар" мен олардың "ерлігі" жөнінде әңгімелейтін аңыздар енген оқу материалдарын қайта қарау қажет екенін айттым", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, жалған, ойдан құрастырылған мәліметтер тарату арқылы балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу жақсылыққа апармайды. Бұл халқымыздың ар-ұжданына қайшы.
"Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек. Бұл жөнінде үнемі айтып келемін. Біздің кейбір қаламгерлеріміз "мұң" деген сөзді жақсы көреді: "жүрегімде мұң, көзімде мұң"! Мұң-қайғы жастық шаққа, жастарға жараспайды. Жастарымыз өз халқының тарихын дұрыс түсіне отырып, болашаққа үмітпен және сеніммен қарауға тиіс", - деп толықтырды президент.
Касым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Республиканской Августовской конференции - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Тоқаев педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыруды тапсырды
Жаңалықтар
0