Атырау облысында екі адам Конго-Қырым ауруын жұқтырған

© Sputnik / Абзал КалиевЕмдеу процесі
Емдеу процесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Жазылу
Байланыста болған басқа адамдар да тексерілген
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Атырау облысында бір отбасының екі адамы Конго-Қырым індетін жұқтырды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау департаменті.
Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр.
"Науқастың бірі Исатай ауданының тұрғыны. Ол 12 тамызда Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Диагноз зертханалық ПТР әдісімен расталды. Бүгінгі таңда жағдайы орташа-тұрақты, оң динамикасы бар. Емдеу республикалық мамандардың бақылауымен жүргізіледі", - дейді дәрігер.
Ал екінші науқас 16 шілдеде медициналық мекемеге жатқызылды, қазір медициналық бақылауда.
"Жағдайы тұрақты. Қажетті тексеру және профилактикалық емдеу жүргізілуде. ПТР сынағы оң нәтиже көрсетті. Пациенттерге медициналық көмек клиникалық хаттамаларға және бейінді мамандардың ұсынымдарына сәйкес толық көлемде көрсетіледі", - дейді Атырау денсаулық сақтау басқармасында.
Байланыста болған басқа адамдар да тексерілген. Олардан ауру белгілері анықталмаған.
Ауыл шаруашылығы және үй жануарларынан, сондай-ақ анықтау аймағындағы кенелерден сынамалар алынды.
"Зертханалық зерттеулердің нәтижелері теріс. Обаға қарсы станция, ветеринариялық қызмет және жергілікті атқарушы орган Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының таралуының алдын алу, оның ішінде акарицидтік өңдеу және дезинфекциялау бойынша іс-шаралар кешенін өткізді", - дейді басқармада.
Айта кетейік, Конго -Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған адамда сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, отит, тромбофлебит пайда болуы мүмкін.
Термометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2026
Щучинсктегі әскери колледжде қызылша ауруы тарады
Жаңалықтар
0