Щучинсктегі әскери колледжде қызылша ауруы тарады

© Photo : Рixabay / subarasikiaiТермометр
Термометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2026
Жазылу
Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында оқу орнында карантин жарияланды
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Щучинск қаласындағы қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде білім алушылар арасында қызылша ауруы тіркелді, деп хабарлайды әскери колледж.
Кадеттер каникулдық демалыстан оралғаннан кейін олардың бір бөлігінде жұқпалы ауру белгілері байқалған. Колледж мамандары эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ауру сырттан әкелінуі мүмкін деп болжап отыр.
"Бүгінгі таңда 66 кадет бейінді медициналық ұйымның бақылауында. Екі жағдайда ауру асқынумен өтіп жатыр, науқастар мамандандырылған медициналық көмек алып жатыр, олардың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады", - дейді колледжде.
Колледжде байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды. Барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, олардың денсаулық жағдайы тұрақты.
Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында оқу орнында карантин жарияланды. Медициналық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар ұйымдастырылып, жеке құрамның денсаулық жағдайына мониторинг күшейтілді.
Жағдай қорғаныс министрлігінің және денсаулық сақтау органдарының бақылауында.
Қызылша және көкжөтелмен ауыратындар саны азайған - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Қызылша және көкжөтелмен ауыратындар саны азайған
Жаңалықтар
0