Қазақстандықтарға бонустарды айырбастауды ұсынған қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2026
Жазылу
Олар шамамен 150 мың фишингтік SMS-хабарлама жіберген
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтардың жеке деректері мен ақшасын иемдену мақсатында фишингтік хабарламаларды жаппай таратқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Биыл қаңтар айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінің азаматы Қазақстан аумағында заңсыз әрекетті ұйымдастыру үшін жергілікті тұрғынды ақшалай сыйақыға тартқан. Кейін қылмыстық схемаға Астана қаласында жабдықтың жұмысын қамтамасыз еткен басқа да адамдар қосылған.
Күдіктілер SMS-бластер қолданған. Бұл – ұялы байланыс базалық станциясының жұмысын имитациялап, операторлардың сүзгілеу жүйелерін айналып өту арқылы хабарламаларды жаппай таратуға мүмкіндік беретін құрылғы.
"Төрт күн ішінде Beeline, Kcell және Activ операторларының абоненттеріне белгілі компаниялардың атынан бонустарды айырбастау туралы ұсыныстар жазылған шамамен 150 мың фишингтік SMS-хабарлама жіберілген. Сілтемеге өткен қолданушылар жалған сайтқа бағытталып, онда олардан жеке және банк деректерін, оның ішінде төлем картасының деректемелерін, CVV-кодын және SMS арқылы келетін растау кодын енгізу сұралған", - деп хабарлады агенттік.
Осылайша, күдіктілер азаматтардың құпия ақпаратына және банк шоттарындағы қаражатына қол жеткізген.
Тергеу барысында тәркіленген SMS-бластер жедел іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған арнайы техникалық құрал екені анықталды.
Қылмыстық кодекстің 399-бабының 2-бөлігі – "Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу, өткізу немесе пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта төрт күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Жамбыл облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0