https://sputnik.kz/20260709/zhambyl-oblysynda-transulttyq-uyymdasqan-qylmystyq-top-ustaldy-64791312.html
Жамбыл облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Жамбыл облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
Темекі контрабандасында "Хавала" жүйесі қолданылған 09.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-09T22:13+0500
2026-07-09T22:13+0500
2026-07-09T22:13+0500
темекі
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында Қазақстан аумағына таңбалаусыз темекі өнімдерін заңсыз әкеліп, өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Темекі контрабандасында "Хавала" жүйесі қолданылғанЖамбыл облысының тұрғыны Қырғыз Республикасынан темекі өнімдерін заңсыз жеткізу арнасын ұйымдастырып, тауарды өзіне бағынышты адамдар арқылы өткізген.Тергеу барысында 30-дан астам тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан жалпы құны 293 млн теңге болатын 319 мыңнан астам қорап таңбалаусыз темекі өнімі тәркіленді. Төленбеген акциздердің сомасы 115 млн теңгені құрады.Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында тауарды жеткізу мен өзара есеп айырысуды қамтамасыз еткен Қырғыз Республикасының азаматтары болған.Қылмыстық кірістердің қозғалысын жасыру үшін топ мүшелері банктік жүйеден тыс ақша аударуға мүмкіндік беретін бейресми "Хавала" есеп айырысу жүйесін пайдаланған.Сот санкциясымен өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды, бес күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр."Хавала" жүйесі қалай жұмыс істейді:
https://sputnik.kz/20260702/zhambylda-psikhotroptyq-zattardy-darikhanalar-arqyly-otkizgen-qylmystyq-top-musheleri-sottaldy-64628961.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
темекі, қылмыстық топ
Жамбыл облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Темекі контрабандасында "Хавала" жүйесі қолданылған
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында Қазақстан аумағына таңбалаусыз темекі өнімдерін заңсыз әкеліп, өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Темекі контрабандасында "Хавала" жүйесі қолданылған
Жамбыл облысының тұрғыны Қырғыз Республикасынан темекі өнімдерін заңсыз жеткізу арнасын ұйымдастырып, тауарды өзіне бағынышты адамдар арқылы өткізген.
"Контрафактілік өнім Тараз қаласындағы сауда орындары арқылы сатылып, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларына, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарына жөнелтілген", – дейді агенттік.
Тергеу барысында 30-дан астам тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан жалпы құны 293 млн теңге болатын 319 мыңнан астам қорап таңбалаусыз темекі өнімі тәркіленді. Төленбеген акциздердің сомасы 115 млн теңгені құрады.
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында тауарды жеткізу мен өзара есеп айырысуды қамтамасыз еткен Қырғыз Республикасының азаматтары болған.
Қылмыстық кірістердің қозғалысын жасыру үшін топ мүшелері банктік жүйеден тыс ақша аударуға мүмкіндік беретін бейресми "Хавала" есеп айырысу жүйесін пайдаланған.
Сот санкциясымен өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды, бес күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
"Хавала" жүйесі қалай жұмыс істейді:
адам өз еліндегі делдалға ақша береді;
делдал оған құпия код немесе пароль ұсынады;
код басқа елдегі алушыға беріледі;
алушы сол елдегі делдалға кодты айтып, ақшасын алады;
кейін делдалдар өзара есеп айырысады.