https://sputnik.kz/20260824/memleket-basshysy-qazaqstandyq-dzyudoshylardy-alem-chempionatyndagy-zhenispen-quttyqtady-66031123.html
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді 24.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-24T09:46+0500
2026-08-24T09:46+0500
2026-08-24T09:48+0500
президент
құттықтау
дзюдо
https://sputnik.kz/img/07ea/08/18/66025865_61:60:1278:744_1920x0_80_0_0_da2168857bcd62072b7f27c45c52fcf6.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, ал Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны, Әділжан Жаудиновті жекелеген сында алтын медальға ие болуымен құттықтады.Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінде 4 алтын, 3 күміс және 4 қола – барлығы 11 медаль жеңіп алып, отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Туризм және спорт министрлігімен, сондай-ақ ұлттық федерациямен сындарлы ынтымақтастық орнатқаны үшін халықаралық ұйымның басшысына ризашылығын білдіріп, соның нәтижесінде елімізде дзюдо күресі кеңінен дамып келе жатқанына тоқталды.
https://sputnik.kz/20260823/qazaqstandyq-dzyudoshylar-tarikhi-natizhege-qol-zhetkizdi-65968711.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/18/66025865_131:34:1224:853_1920x0_80_0_0_dedc4ffa49f2572d5d5bf008fa428050.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, құттықтау, дзюдо
президент, құттықтау, дзюдо
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады
09:46 24.08.2026 (жаңартылды: 09:48 24.08.2026) Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, ал Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны, Әділжан Жаудиновті жекелеген сында алтын медальға ие болуымен құттықтады.
Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінде 4 алтын, 3 күміс және 4 қола – барлығы 11 медаль жеңіп алып, отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.
"Кеше кешкісін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен сөйлесті. Ұйым жетекшісі Мемлекет басшысын балуандарымыздың әлемдік жастар турниріндегі бұрын-соңды болмаған бірегей жеңісімен құттықтады", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Туризм және спорт министрлігімен, сондай-ақ ұлттық федерациямен сындарлы ынтымақтастық орнатқаны үшін халықаралық ұйымның басшысына ризашылығын білдіріп, соның нәтижесінде елімізде дзюдо күресі кеңінен дамып келе жатқанына тоқталды.