Қазақстандық дзюдошылар тарихи нәтижеге қол жеткізді

© Photo : Туризм және спорт министрлігіҚазақстандық дзюдошылар тарихи нәтижеге қол жеткізді
Қазақстандық дзюдошылар тарихи нәтижеге қол жеткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Қазақстан құрамасы алғаш рет бір әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатын тарихи нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ел қоржынында 10 медаль бар. Соның үшеуі - алтын.
Алтын медаль иегерлері:
Расулхан Ғабит (-60 кг);
Фатима Сұпығалиева (-52 кг);
Әділжан Жаудинов (+90 кг).
Күміс медаль алғандар:
Әділжан Нұрбекен (-50 кг);
Адия Жанахмет (-40 кг);
Інжу Жұмажан (-57 кг);
Бекарыс Құдайберген (-50 кг).
Қола медаль иегерлері:
Ахмет Баубек (-60 кг);
Ерік Үсенов (-66 кг);
Еркен Бекәлі (-73 кг).
Осылайша Эквадордағы әлем чемпионаты Қазақстан дзюдосының тарихына бірқатар жаңа рекордпен еніп отыр. Атап айтқанда, Фатима Сұпығалиева қыздар арасында алғаш рет әлем чемпионы атанып отыр. Ал дзюдошы жігіттер 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші жыл қатарынан әлем чемпионы атағын ешкімге бермей келеді. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы алғаш рет бір әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бүгін аралас командалық жарыстар өтеді. Әлем чемпионатына 59 елден 457 жас татами шебері қатысуып жатыр.
Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында алтын алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар
0