https://sputnik.kz/20260824/inisi-payyzben-aqsha-bergen-uyge-terezeden-kirgender-ayeldi-ayausyz-soqqyga-zhyqty-66054320.html
"Інісі пайызбен ақша берген": Үйге терезеден кіргендер әйелді аяусыз соққыға жықты
"Інісі пайызбен ақша берген": Үйге терезеден кіргендер әйелді аяусыз соққыға жықты
Sputnik Қазақстан
Үйде жәбірленуші әйелдің 82 жастағы анасы мен 52 жастағы інісі тұрған 24.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-24T18:19+0500
2026-08-24T18:19+0500
2026-08-24T18:19+0500
түркістан облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/205/33/2053318_0:239:4673:2867_1920x0_80_0_0_3b678ea59a765ba09dba8e47517113cd.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының Леңгір қаласында 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер аяусыз соққыға жықты. Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтады.Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға 22 тамызда сағат 01:30 шамасында болған. Жәбірленушінің үйіне белгісіз біреулер терезе арқылы кірген. Сөйтіп, үйде жатқан әйелді аяусыз ұрып-соққан. Бұдан бөлек, оның ұялы телефонын алып кеткен.Бұл үйде негізінен жәбірленуші әйелдің 82 жастағы анасы мен 52 жастағы інісі тұрған. Ер адам қарызға пайызбен ақша берумен айналысқан. Ал соққыға жығылған әйел Төлеби ауданының тумасы. Ол оқиға болатын күні анасының қасында болу үшін келген. Ал інісі Дубайда демалып жүрген.Полиция қылмыстық іс қозғады.Полиция күдіктілерді тезірек ұстауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
https://sputnik.kz/20230406/almaty-oblysynda-bir-top-adam-aurukhanaga-basa-koktep-kirdi--video--33654270.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/205/33/2053318_266:0:4405:3104_1920x0_80_0_0_78e18a69dbfa0836a5607dea3b44f697.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, қылмыс
"Інісі пайызбен ақша берген": Үйге терезеден кіргендер әйелді аяусыз соққыға жықты
Үйде жәбірленуші әйелдің 82 жастағы анасы мен 52 жастағы інісі тұрған
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының Леңгір қаласында 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер аяусыз соққыға жықты.
Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға 22 тамызда сағат 01:30 шамасында болған. Жәбірленушінің үйіне белгісіз біреулер терезе арқылы кірген. Сөйтіп, үйде жатқан әйелді аяусыз ұрып-соққан. Бұдан бөлек, оның ұялы телефонын алып кеткен.
Бұл үйде негізінен жәбірленуші әйелдің 82 жастағы анасы мен 52 жастағы інісі тұрған. Ер адам қарызға пайызбен ақша берумен айналысқан. Ал соққыға жығылған әйел Төлеби ауданының тумасы. Ол оқиға болатын күні анасының қасында болу үшін келген. Ал інісі Дубайда демалып жүрген.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын үйге кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын келтірген және ұялы телефонын алып кеткен. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты және оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", – дейді Түркістан облысының полиция департаменті.
Полиция күдіктілерді тезірек ұстауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.