https://sputnik.kz/20230406/almaty-oblysynda-bir-top-adam-aurukhanaga-basa-koktep-kirdi--video--33654270.html
Алматы облысында бір топ адам ауруханаға баса-көктеп кірді – видео
Алматы облысында бір топ адам ауруханаға баса-көктеп кірді – видео
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы ауруханаға бір топ адам баса-көктеп кірді. Бейнекамераға түсіп қалған видео... 06.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-06T19:12+0500
2023-04-06T19:12+0500
2023-04-06T19:32+0500
аурухана
https://sputnik.kz/img/1274/86/12748609_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_1b74edba3e697650f4b7f34991fbcf8f.jpg
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы ауруханаға бір топ адам баса-көктеп кірді. Бейнекамераға түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады.Оқиға 21 наурызда болған. Бір топ адам ауруханаға жеткізілген жараланған адамның ізін аңдып, баса-көктеп кіріп келген, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі."Сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Шелек ауылының ауруханасына 37 жастағы азамат дене жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Сол күні Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі – "бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады полиция.Тергеу барысында Наурыз мерекесі өткен ауылдың шетінде жәбірленуші мен 35 жастағы тұрғын И. арасында төбелес болғаны анықталды."1990, 1994, 1996 және 1997 жылы туған 4 адамның видеоға түсіп қалған заңсыз әрекеті жәбірленуші емделіп жатқан медициналық мекемеде болған. Төртеуі және қылмыстың негізгі фигуранты ұсталып, қамауда отыр", - деп нақтылады полиция.Жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/86/12748609_500:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_6ee49bda2edc09368bb202a6e090458a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аурухана
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы ауруханаға бір топ адам баса-көктеп кірді. Бейнекамераға түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады.
Оқиға 21 наурызда болған. Бір топ адам ауруханаға жеткізілген жараланған адамның ізін аңдып, баса-көктеп кіріп келген, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Шелек ауылының ауруханасына 37 жастағы азамат дене жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Сол күні Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі – "бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады полиция.
Тергеу барысында Наурыз мерекесі өткен ауылдың шетінде жәбірленуші мен 35 жастағы тұрғын И. арасында төбелес болғаны анықталды.
"1990, 1994, 1996 және 1997 жылы туған 4 адамның видеоға түсіп қалған заңсыз әрекеті жәбірленуші емделіп жатқан медициналық мекемеде болған. Төртеуі және қылмыстың негізгі фигуранты ұсталып, қамауда отыр", - деп нақтылады полиция.
Жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.