сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Жапаров Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

© Официальный Telegram-канал Администрации Президента КыргызстанаКасым-Жомарт Токаев и Садыр Жапаров в Чолпон-Ате
Касым-Жомарт Токаев и Садыр Жапаров в Чолпон-Ате - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Садыр Жапаров Құрылтайдың Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтып, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге әрі елдің тұрақты дамуына үлес қосатынына сенім білдірді
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Азаматтардың еркін таңдау еркі нәтижесінде қалыптасқан Құрылтай Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына кәміл сенемін.
Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асырылып жатқан дәйекті реформалар мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделеріне, халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің одан әрі өркендеуіне қызмет етіп отырғанын атап өтемін", — делінген Жапаровтың құттықтау хатында.
Выборы в Курултай в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды
Жаңалықтар
0