сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевВыборы в Курултай в Астане
Выборы в Курултай в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сайлау учаскелерінде бюллетеньдерді санау басталды.
Уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру шетелдегі сайлау учаскелерінде жалғасып жатыр. Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады.
"Сағат 00:00-ге дейін 74 учаске өз жұмысын аяқтайды. Шетелдегі дауыс беру үдерісі 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 08:00-де АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы ҚР Бас консулдығы жанындағы сайлау учаскесінде аяқталады", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Шетелде тіркелген 11 402 сайлаушының 6 007-сі дауыс беріп үлгерді.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы қорытынды мәліметті сағат 20:30-да жариялайды.
Казахстанцы проголосовали на выборах в Курултай в Москве  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Шетелдегі 11 мыңнан астам қазақстандықтың жартысынан көбі дауыс берді
Жаңалықтар
0