https://sputnik.kz/20260823/ukimet-quramynda-birqatar-ozgeris-bolady---toqaev-65997174.html
Тоқаев: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
Тоқаев: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
Sputnik Қазақстан
Президент кадрлық ауыс-түйіс жүргізуде мәселе біреуді орнынан босатуда емес екенін айтты 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-23T13:43+0500
2026-08-23T13:43+0500
2026-08-23T13:45+0500
құрылтай сайлауы - 2026
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32545316_211:371:3177:2039_1920x0_80_0_0_1e8ebddb887d3415b37859b6df9c5ef8.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде жаңадан жасақталатын үкіметтің бағыт-бағдары туралы айтты.Мемлекет басшысы жалпы Үкімет барынша табанды, жедел жұмыс атқарып, алдағы міндеттерді орындап отырғанын, дүние жүзіндегі бәсекелестік күшейіп жатқанын айтты.Президенттің пікірінше, нарықтың сын-қатерлеріне мұқият назар аударып, ең бастысы, тиісті деңгейде төтеп беруіміз керек.Дегенмен ол кадрлық өзгерістер әрдайым болатынын, өйткені бұл Үкіметтің жұмысына қан жүгіртетінін айтты."Мәселе біреуді орнынан босатуда емес. Мен жай сылтаумен жұмыстан шығаруға қашанда қарсымын. Әсіресе, қазіргі тілмен айтқанда, медиадағы контент немесе мазмұн үшін ауыс-түйіс жасаудың қажеті жоқ. Кадрлық шешім шын мәнінде жұмысқа тың серпін беруі керек. Бәріміз айтып жүрген жаңғыру үдерісі үздіксіз жүргізілуге тиіс. Өйткені бұл күрделі процесті алға жетелеп отыру қажет", - деді Тоқаев.Президент бұл істе Үкімет маңызды рөл атқаратынын айтты.
https://sputnik.kz/20260823/quryltay-deputaty-bergen-uadesin-oryndau-kerek---prezident-65996905.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32545316_604:269:2930:2014_1920x0_80_0_0_e9741f8b298db5cb143d84015caf8c7c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Тоқаев: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
13:43 23.08.2026 (жаңартылды: 13:45 23.08.2026) Президент кадрлық ауыс-түйіс жүргізуде мәселе біреуді орнынан босатуда емес екенін айтты
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде жаңадан жасақталатын үкіметтің бағыт-бағдары туралы айтты.
Мемлекет басшысы жалпы Үкімет барынша табанды, жедел жұмыс атқарып, алдағы міндеттерді орындап отырғанын, дүние жүзіндегі бәсекелестік күшейіп жатқанын айтты.
Президенттің пікірінше, нарықтың сын-қатерлеріне мұқият назар аударып, ең бастысы, тиісті деңгейде төтеп беруіміз керек.
"Әлбетте, Үкімет отставкаға кетеді. Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады. Ашығын айтқанда, дәл бүгін Үкімет жұмысына алаңдауға немесе оған сын айтуға қандай да бір негіз жоқ. Министрлер де, Үкімет жетекшісі де қолдан келгенше міндеттерін атқарып жатыр",- деді президент.
Дегенмен ол кадрлық өзгерістер әрдайым болатынын, өйткені бұл Үкіметтің жұмысына қан жүгіртетінін айтты.
"Мәселе біреуді орнынан босатуда емес. Мен жай сылтаумен жұмыстан шығаруға қашанда қарсымын. Әсіресе, қазіргі тілмен айтқанда, медиадағы контент немесе мазмұн үшін ауыс-түйіс жасаудың қажеті жоқ. Кадрлық шешім шын мәнінде жұмысқа тың серпін беруі керек. Бәріміз айтып жүрген жаңғыру үдерісі үздіксіз жүргізілуге тиіс. Өйткені бұл күрделі процесті алға жетелеп отыру қажет", - деді Тоқаев.
Президент бұл істе Үкімет маңызды рөл атқаратынын айтты.