https://sputnik.kz/20260823/quryltay-deputaty-bergen-uadesin-oryndau-kerek---prezident-65996905.html
Құрылтай депутаты берген уәдесін орындау керек - президент
Құрылтай депутаты берген уәдесін орындау керек - президент
Sputnik Қазақстан
Президент депутаттар қандай болу керек деген сұраққа жауап берді 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-23T13:31+0500
2026-08-23T13:31+0500
2026-08-23T13:33+0500
құрылтай сайлауы - 2026
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65989553_0:57:1280:777_1920x0_80_0_0_fe45b473d02f232602e1694835561a90.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. "Құрылтай сайлауы ауқымды жұмыстың бастамасы ғана" деген Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің сұрақтарына жауап берді.Құрылтай іске кіріскеннен кейін қандай өзгерістер болады? Президент журналистер тарапынан қойылған бірнеше сұраққа жауап берді.Оның айтуынша, өз тарапынан жастардың ой-пікірін еркін жеткізуге, мемлекеттің қалыптасуына үлес қосуына әрдайым қолдау көрсетеді. Ал депутаттар қандай болу керек деген сұраққа:"Депутаттар, ең алдымен, заңның сапасына жауап береді деп сенемін. Екіншіден, олар берген уәделерін немесе бағдарламаларын орындауға тиіс. Үшіншіден, ел дамуына ықпал ететін заңдар қабылдануы керек", - деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев."Қазір заман күрделі. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ" деген президент бірігіп әрекет ету керектігін айтты.Президенттің айтуынша, келешек – жастардың қолында. Оған күмән жоқ.
https://sputnik.kz/20260823/toqaev-2029-zhylgy-prezident-saylauyna-qatysuy-zhayynda-pikir-bildirdi-65996540.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65989553_54:0:1227:880_1920x0_80_0_0_c5909ab12e56e51bc01caa303b62b4af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Құрылтай депутаты берген уәдесін орындау керек - президент
13:31 23.08.2026 (жаңартылды: 13:33 23.08.2026) Президент депутаттар қандай болу керек деген сұраққа жауап берді
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. "Құрылтай сайлауы ауқымды жұмыстың бастамасы ғана" деген Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Құрылтай іске кіріскеннен кейін қандай өзгерістер болады? Президент журналистер тарапынан қойылған бірнеше сұраққа жауап берді.
"Әлгінде ғана айтқанымдай, алғашқы бір палаталы парламент сайлауының тарихи мәні зор. Құрылтай сайлауына үлкен үміт артамын. Еліміздің дамуына тың серпін береді деп санаймын. Жаңа тұлғалар мен жаңа идеялар пайда болды", - деді президент.
Оның айтуынша, өз тарапынан жастардың ой-пікірін еркін жеткізуге, мемлекеттің қалыптасуына үлес қосуына әрдайым қолдау көрсетеді. Ал депутаттар қандай болу керек деген сұраққа:
"Депутаттар, ең алдымен, заңның сапасына жауап береді деп сенемін. Екіншіден, олар берген уәделерін немесе бағдарламаларын орындауға тиіс. Үшіншіден, ел дамуына ықпал ететін заңдар қабылдануы керек", - деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Қазір заман күрделі. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ" деген президент бірігіп әрекет ету керектігін айтты.
"Туған елімізді озық, заманауи мемлекетке айналдыру жолында күш-жігерімізді біріктіру керек. Бұл ретте Конституция бізге мол мүмкіндік береді. Біртұтас ел болып қабылдаған Жаңа Конституциямыз өте озық, мазмұнды құжат деп айтсақ, қателеспейміз. Сондықтан Ата Заң бізге, әсіресе, жастарға жарқын жол нұсқайды", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, келешек – жастардың қолында. Оған күмән жоқ.