https://sputnik.kz/20260823/toqaev-2029-zhylgy-prezident-saylauyna-qatysuy-zhayynda-pikir-bildirdi-65996540.html
Тоқаев 2029 жылы президент сайлауына түсе ме
Тоқаев 2029 жылы президент сайлауына түсе ме
Sputnik Қазақстан
Себебі бұған дейін Конституциялық сот Тоқаевтык сайлауға қатыса алатынын растады 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-23T13:16+0500
2026-08-23T13:16+0500
2026-08-23T13:28+0500
құрылтай сайлауы - 2026
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65994012_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_f4ac3f0cd6bbe39c66472d7561d10e47.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына қатысуға қатысты пікір білдірді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін Құрылтай сайлауында дауыс бергеннен кейін Тоқаев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Сол кезде журналстер оның 2029 жылғы президент сайлауына қатысты жоспарын сұрады. Себебі бұған дейін Конституциялық сот Тоқаевтык сайлауға қатыса алатынын растады.Президенттің айтуынша, Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдырып, ең алдымен, азаматтарға арналған әлеуметтік нысандар салуымыз қажет."Бұл мақсатқа Ұлттық қордың қаржысын пайдалануға дайынмын. Халықтың игілігіне жарата алмасақ, қаражатты шетелдерде құнды қағаз ретінде ұстап отырудың қажеті қанша? Қаржыны жай ғана ұстап отыруға қарсымын. Қаражат халқымыздың, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек. Әрине, әлемдегі жағдайға баса назар аударуымыз, жан-жақты талдауымыз қажет", - деді мемлекет басшысы.Осы орайда ол геосаяси ахуалдың күрделі болғанына қарамастан, Қазақстаннык экономикалық өсімі анық байқалатынын ерекше айтты. Оны негізгі халықаралық қаржы институттары растап отыр.
https://sputnik.kz/20260823/kelesi-aptada-nemese-on-kun-ishinde-vitse-prezident-kim-ekeni-malim-bolady---toqaev-65994178.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65994012_157:0:1276:839_1920x0_80_0_0_0b05f39a003b19a6fa953b22fcb8f765.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Тоқаев 2029 жылы президент сайлауына түсе ме
13:16 23.08.2026 (жаңартылды: 13:28 23.08.2026) Себебі бұған дейін Конституциялық сот Тоқаевтык сайлауға қатыса алатынын растады
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына қатысуға қатысты пікір білдірді , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Құрылтай сайлауында дауыс бергеннен кейін Тоқаев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Сол кезде журналстер оның 2029 жылғы президент сайлауына қатысты жоспарын сұрады. Себебі бұған дейін Конституциялық сот Тоқаевтык сайлауға қатыса алатынын растады.
"Әлбетте, заң жүзінде менің қайта сайлануға құқығым бар. Бірақ алдағы уақытта сайлау өткізуге және оған қатысатыным немесе қатыспайтыным туралы сөз қозғауға әлі ерте. Біз еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді еңсеруіміз керек", - дейді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдырып, ең алдымен, азаматтарға арналған әлеуметтік нысандар салуымыз қажет.
"Бұл мақсатқа Ұлттық қордың қаржысын пайдалануға дайынмын. Халықтың игілігіне жарата алмасақ, қаражатты шетелдерде құнды қағаз ретінде ұстап отырудың қажеті қанша? Қаржыны жай ғана ұстап отыруға қарсымын. Қаражат халқымыздың, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек. Әрине, әлемдегі жағдайға баса назар аударуымыз, жан-жақты талдауымыз қажет", - деді мемлекет басшысы.
Осы орайда ол геосаяси ахуалдың күрделі болғанына қарамастан, Қазақстаннык экономикалық өсімі анық байқалатынын ерекше айтты. Оны негізгі халықаралық қаржы институттары растап отыр.
"Алдағы уақытта тағы жолығармыз. Бәлкім, келесі жылы... Сол кезде сізге нақты жауап беремін", - деді Тоқаев.