https://sputnik.kz/20260823/kelesi-aptada-nemese-on-kun-ishinde-vitse-prezident-kim-ekeni-malim-bolady---toqaev-65994178.html
Келесі аптада немесе он күн ішінде вице-президент кім екені мәлім болады - Тоқаев
Келесі аптада немесе он күн ішінде вице-президент кім екені мәлім болады - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы вице-президентті "сіздер жақсы білетін адам болады" деп сипаттады 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-23T12:58+0500
2026-08-23T12:58+0500
2026-08-23T13:00+0500
құрылтай сайлауы - 2026
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65992989_0:63:1280:783_1920x0_80_0_0_0c855010f33461e2b028724f9201e45f.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жаңа Конституция бойынша сайлаудан кейін президент Құрылтайдың қарауына вице-президенттің кандидатурасын енгізуі керек.Тоқаев вице-президентті "сіздер жақсы білетін адам болады" деп сипаттады."Тағы басқа реформаларды іске асырамыз. Мысалы, Халық Кеңесінің жұмысын жандандыру қажет. Халық Кеңесі дегеніміз – жаңа орган. Кейбір азаматтар Ассамблея туралы сұрап жатыр екен. Халық Кеңесі Ассамблеяның атқарған қызметін одан әрі күшейтеді деп ойлаймын. Бұл көпфункционалды, жаңа саяси тетік деп айтуға болады. Сондықтан Кеңестің жұмысы жемісті болатынына кәміл сенемін", - деді президент.Мемлекет басшысының айтуынша, жоспар өте ауқымды. Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуы керек. Әр облыс орталығында, аудандар мен қалаларда ірі құрылыстар жүргізіледі. Емханалар, балаларға арналған оңалту орталықтары, басқа да нысандар салынады.Бұдан бөлек, қалаларды абаттандыру керек.
https://sputnik.kz/20260823/toqaev-oz-tandauyn-zhasady-65989960.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65992989_77:0:1204:845_1920x0_80_0_0_53833eabfcc9ba6b792a77d4b4fcf8e5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Келесі аптада немесе он күн ішінде вице-президент кім екені мәлім болады - Тоқаев
12:58 23.08.2026 (жаңартылды: 13:00 23.08.2026) Мемлекет басшысы вице-президентті "сіздер жақсы білетін адам болады" деп сипаттады
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жаңа Конституция бойынша сайлаудан кейін президент Құрылтайдың қарауына вице-президенттің кандидатурасын енгізуі керек.
"Жұрттың бәрі Вице-президент лауазымы туралы сұрап жатыр. Расында, бұл – айтулы өзгеріс. Біз Конституциямызға жаңа лауазымды әдейі енгіздік. Бұл лауазым аса қажет деп айтсақ, қателеспейміз. Себебі қазіргі бұлыңғыр заманда мұндай лауазым елімізге өте қажет. Келесі аптада немесе он күн ішінде Вице-президент кім екені мәлім болады. Мен оны қазір анық айта алмаймын", - деді Тоқаев бүгін дауыс бергеннен кейінгі брифингте.
Тоқаев вице-президентті "сіздер жақсы білетін адам болады" деп сипаттады.
"Тағы басқа реформаларды іске асырамыз. Мысалы, Халық Кеңесінің жұмысын жандандыру қажет. Халық Кеңесі дегеніміз – жаңа орган. Кейбір азаматтар Ассамблея туралы сұрап жатыр екен. Халық Кеңесі Ассамблеяның атқарған қызметін одан әрі күшейтеді деп ойлаймын. Бұл көпфункционалды, жаңа саяси тетік деп айтуға болады. Сондықтан Кеңестің жұмысы жемісті болатынына кәміл сенемін", - деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, жоспар өте ауқымды. Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуы керек. Әр облыс орталығында, аудандар мен қалаларда ірі құрылыстар жүргізіледі. Емханалар, балаларға арналған оңалту орталықтары, басқа да нысандар салынады.
"Астанада жаңа көпір, Домбыра сарайы, Су ресурстарын зерттеу орталығы секілді маңызды нысандар бой көтереді", - деді Тоқаев.
Бұдан бөлек, қалаларды абаттандыру керек.