https://sputnik.kz/20260823/toqaev-oz-tandauyn-zhasady-65989960.html
"Еліміз үшін тарихи күн": Тоқаев өз таңдауын жасады
"Еліміз үшін тарихи күн": Тоқаев өз таңдауын жасады
Sputnik Қазақстан
Алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды, деді президент 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-23T12:08+0500
2026-08-23T12:08+0500
2026-08-23T12:20+0500
құрылтай сайлауы - 2026
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65989553_0:57:1280:777_1920x0_80_0_0_fe45b473d02f232602e1694835561a90.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.Содан кейін мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді."Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана", – деді Тоқаев.Бүгін Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Республика бойынша барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, соның ішінде 79 учаске 61 шет мемлекетте орналасқан.
https://sputnik.kz/20260823/quryltay-esimdi-qazaqstandyqtar-dauys-berdi-65987956.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65989553_54:0:1227:880_1920x0_80_0_0_c5909ab12e56e51bc01caa303b62b4af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"Еліміз үшін тарихи күн": Тоқаев өз таңдауын жасады
12:08 23.08.2026 (жаңартылды: 12:20 23.08.2026) Алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды, деді президент
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Содан кейін мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді.
"Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана", – деді Тоқаев.
Бүгін Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Республика бойынша барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, соның ішінде 79 учаске 61 шет мемлекетте орналасқан.