Саясат

Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен ықпалдастық мәселелерін талқылады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтті
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, мемлекет басшысының маусым айында Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Тоқаев Euronews-тің қазақ тілінде жаңалық таратуды қолға алғанын құптады
Жаңалықтар
0