сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Шетелде дауыс беретін қазақстандықтардың саны жарияланды

© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаШетелде дауыс беретін қазақстандықтардың саны жарияланды
Шетелде дауыс беретін қазақстандықтардың саны жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Құрылтай сайлауы аясында 61 шет мемлекетте 79 сайлау учаскелері құрылды
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі шетелде дауыс беретін қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің орынбасары Арман Исетовтың айтуынша, шетелде тіркелген сайлаушылардың жалпы саны 11 402 адамды құрайды.
"Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде 26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады. Жалпы, осы уақытқа дейін шетелдегі сайлау учаскелеріне 228 адам келіп дауыс берген", - деді Исетов Астанадағы брифингте.
Айта кетері, Құрылтай сайлауы аясында 61 шет мемлекетте 79 сайлау учаскелері құрылды.
Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Құрылтай сайлауы: Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді
Жаңалықтар
0