Назарбаев Құрылтай сайлауында өз үйінен дауыс берді
14:06 23.08.2026 (жаңартылды: 14:09 23.08.2026)
Жазылу
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлау рәсіміне қатысты, деп хабарлады тұңғыш президентітің ресми сайты.

Назарбаев Құрылтай сайлауында өз үйінен дауыс берді
Алайда бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне барған жоқ. Ол денсаулығына байланысты өз үйінен дауыс берді.
"Жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Тұңғыш Президент өз дауыс беру құқығын үйде жүзеге асырды", - деп жазылған ресми хабарламада.


