сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Бюллетеннің суретін таратқан жеті адамға айыппұл салынды

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Ззаң бұзушылар өз кінәсін мойындап, интернеттегі жазбаларын жойды
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Толтырылған бюллетеннің суретін таратқан 7 қазақстандыққа айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейсов онлайн телемарафон аясында өткен ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша сайлау комиссиялары тарапынан ешқандай бұзушылық болмаған.
"Соттарға арыздар түспеген. Прокуратура органдары сайлау бойынша өтініштерді қараған жоқ. Дауыс беру процесі аяқталғанға дейін бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында прокурорлар қысқартылған тәртіппен жеті азаматты айыппұлға тартты. Олардың барлығы толтырылған бюллетеннің суреттін таратқан, бұл – заңсыз үгіт", – деді спикер.
Ерлан Жанпейсов заң бұзушылар өз кінәсін мойындап, интернеттегі жазбаларын жойғанын атап өтті.
Выборы в Курултай в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың қатысуы бойынша алдын ала қорытындыны жариялады
Жаңалықтар
0