сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың қатысуы бойынша алдын ала қорытындыны жариялады

© Sputnik / Санат ИмангалиевВыборы в Курултай в Астане
Выборы в Курултай в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Сайлауда дауыс бергендер саны – 9 млн 352 мың 151 адам
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша сайлауда дауыс бергендер саны – 9 млн 352 мың 151 адам. Аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына электронды байланыс арналары арқылы мына мәліметті ұсынды:
Астана қаласы бойынша – 51,67%,
Абай облысы бойынша – 81,41%,
Ақмола облысы бойынша – 82,69%,
Ақтөбе облысы бойынша – 88,30%,
Алматы облысы бойынша – 71,17%,
Атырау облысы бойынша – 70,74%,
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38%,
Жамбыл облысы бойынша – 85,18%,
Жетісу облысы бойынша – 91,19%,
Қарағанды облысы бойынша – 76,28%,
Қостанай облысы бойынша – 76,47%,
Қызылорда облысы бойынша – 90,75%,
Маңғыстау облысы бойынша – 71,38%,
Павлодар облысы бойынша – 71,20%,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31%,
Түркістан облысы бойынша – 92,16%,
Ұлытау облысы бойынша – 70,72%,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50%,
Алматы қаласы бойынша – 43,23%,
Шымкент қаласы бойынша – 75,42%.
Уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру шетелдегі сайлау учаскелерінде жалғасып жатыр. Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады.
"Сағат 00:00-ге дейін 74 учаске өз жұмысын аяқтайды. Шетелдегі дауыс беру үдерісі 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 08:00-де АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы ҚР Бас консулдығы жанындағы сайлау учаскесінде аяқталады", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Шетелде тіркелген 11 402 сайлаушының 6 007-сі дауыс беріп үлгерді.
Жаңалықтар
0