https://sputnik.kz/20260823/biz-azamattardyn-erkin-tandauyna-kuman-keltirmeymiz--uqshu-pa-66022020.html
Біз азаматтардың еркін таңдауына күмән келтірмейміз – ҰҚШҰ ПА
Біз азаматтардың еркін таңдауына күмән келтірмейміз – ҰҚШҰ ПА
Sputnik Қазақстан
ҰҚШҰ миссиясы Қазақстандағы сайлауды бірнеше жылдан бері бақылап келеді және сайлаушылардың еркін таңдауына қатысты ешқандай күмән туындаған емес 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-23T21:30+0500
2026-08-23T21:30+0500
2026-08-23T21:30+0500
құрылтай сайлауы - 2026
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65994540_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_326a7ba5eed4767469aec1e31a695e02.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы бақылаушылар миссиясы азаматтардың еркін таңдауына күмән келтірмейді. Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдірген миссия басшысы Андрей Картаполов осылай деп мәлімдеді.Астана мен қала маңындағы аудандардағы оннан астам сайлау учаскесіне барған ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары ешқандай заңбұзушылық анықтамаған.Бақылаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Мемлекеттік Думасының Қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполов Sputnik Қазақстан тілшісіне сайлау учаскелеріндегі ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде өткенін атап өтті.Оның айтуынша, ҰҚШҰ миссиясы Қазақстандағы сайлауды бірнеше жылдан бері бақылап келеді және сайлаушылардың еркін таңдауына қатысты ешқандай күмән туындаған емес.Картаполов сондай-ақ Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының жұмысын жоғары бағалап, оны "керемет" деп атады. Сонымен қатар ол сайлаушылардың белсенділігі жоғары болғанын тілге тиек етті.
https://sputnik.kz/20260823/quryltay-saylauy-qazaqstandyqtardyn-7419-y-dauys-bergen-66019935.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65994540_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_d9ba377f72967f911e145ccc069b1442.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
Біз азаматтардың еркін таңдауына күмән келтірмейміз – ҰҚШҰ ПА
ҰҚШҰ миссиясы Қазақстандағы сайлауды бірнеше жылдан бері бақылап келеді және сайлаушылардың еркін таңдауына қатысты ешқандай күмән туындаған емес
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы бақылаушылар миссиясы азаматтардың еркін таңдауына күмән келтірмейді. Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдірген миссия басшысы Андрей Картаполов осылай деп мәлімдеді.
Астана мен қала маңындағы аудандардағы оннан астам сайлау учаскесіне барған ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары ешқандай заңбұзушылық анықтамаған.
Бақылаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Мемлекеттік Думасының Қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполов Sputnik Қазақстан тілшісіне сайлау учаскелеріндегі ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
"Біз адамдардың сайлауға саналы түрде келіп жатқанын көрдік. Мұнда біреудің біреуді мәжбүрлегені немесе белгілі бір бағытқа жетелегені байқалмайды", - дейді Андрей Картаполов.
Оның айтуынша, ҰҚШҰ миссиясы Қазақстандағы сайлауды бірнеше жылдан бері бақылап келеді және сайлаушылардың еркін таңдауына қатысты ешқандай күмән туындаған емес.
"Бүгін біз мұны өз көзімізбен көрдік. [...] Біз барлық жерде шамамен бірдей көрініске куә болдық: бәрі дайын, бәрі жоғары деңгейде, бәрі тыныш. Адамдар келіп, өз болашағы үшін дауыс беріп жатыр", - дейді Бақылаушылар тобының үйлестірушісі.
Картаполов сондай-ақ Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының жұмысын жоғары бағалап, оны "керемет" деп атады. Сонымен қатар ол сайлаушылардың белсенділігі жоғары болғанын тілге тиек етті.