сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Барлық партия мен кандидаттарға тең жағдай жасалған – Мамука Пипия

© Sputnik/Ертай СарбасовГолосование на выборах в Курултай
Голосование на выборах в Курултай  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы парламентке сайлау өтіп жатыр
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Барлық партия мен кандидаттарға тең жағдай жасалған. Бұл туралы Ресей Мемлекеттік Думасының ТМД істері жөніндегі комитетінің сарапшысы Мамука Пипия Sputnik Қазақстан тілшісіне айтты.
Ол партиялар арасындағы бәсекелестік пен күрестің адалдығын атап өтті.
"Біз барлық кандидатқа сұрақтар қойдық, ешқандай келіспеушілік жоқ, жалпы тәртіп бұзылған жоқ… Маған мұнда болған өте ұнайды. Жастардың бұл үдерістерге көптеп тартылғанын көріп отырмын, бұл өте маңызды. Кандидаттар да өте креативті. Айтарым – барлығы бірқалыпты, тыныш өтіп жатыр", - деді Пипия.
Ол сайлау күні ТМД Парламенттік Ассамблеясы бақылаушыларына сайлау учаскелерінде толық еркіндік берілгенін айтты.
"Егер қандай да бір заңбұзушылықтарды байқасақ, бұл туралы сайлау барысы кезінде бірден айтамыз. Әрине, кейін осы үдерістердің барлығы бойынша қорытынды шығарамыз", - деді ол.
23 тамызда Қазақстанда және одан тыс жерлерде жаңа бір палаталы парламентке сайлау өтіп жатыр.
Астанадағы сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Құрылтай сайлауы: жүздеген учаскеде дауыс беру аяқталды
Жаңалықтар
0