сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Құрылтай сайлауы: жүздеген учаскеде дауыс беру аяқталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы сайлау
Астанадағы сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
бүгін таңғы сағат 7.00-де республика бойынша 10 363 сайлау учаскесі ашылған болатын
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы жүздеген учаскеде дауыс беру аяқталғанын хабарлады.
Комиссияның хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, адамдар уақытша болатын орындарында сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады.
"Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды",-деді Өтемісов арнайы брифингте.
Сайлау кезінде адамдар уақытша болатын орындарға емдеу мекемелері, әскери бөлімдер, түрмелер, уақытша ұстау изоляторлары, жұмыс пен демалыс орындары жатады.
Айта кетері, бүгін таңғы сағат 7.00-де республика бойынша 10 363 сайлау учаскесі ашылған болатын.
Бюллетеньдер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берді - ОСК
Жаңалықтар
0